Жақсы жетістіктерге жетті

0
32

Жуырда өткен бірнеше жарысқа белсене қатысқан біздің оқушыларымыз жақсы жетістікке жетті. Қараша айының басында дзюдо күресінен 2013-2014 ж.т және 2015-2016 ж.т ұлдар мен 2012-2013 ж.т қыздар арасында өткен Қонаев қаласының ашық біріншілігінде Көксу ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары тамаша табысқа жетті. Алдаберген Сиражанов, Тәңірберген Сережанов, Жалғас Лаубаев, Нұрлан Кәрім, Алтынбек Қоғайбек, Әділет Нұрғазы, Кенже Әбдікәрім сияқты білікті бапкерлер баптап апарған біздің балғын дзюдошылар 4 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль жеңіп алып, жалпы 15 медаль қоржынға салды.
50 келі салмақта Мейірхан Азамат Мейірхан атой салса, 44 келі салмақ дәрежесінде Фидан Гасанова ешкімге дес бермеді, 52 келіде татамиге шыққан Алтыным Даукенова да қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты, ал, 63 келіде Сезім Қайсаның мерейі үстем болды.
Бұған қоса, 35 келіде жекпе жекке шыққан Нұрдаулет Сенбай, 55 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Ерасыл Шамалған, 57 келіде өнер көрсеткен Әсем Қапу, 63 келіде белдескен Іңкәр Оспанғали ақтық сында ғана қарсыластарына жол беріп, күміс медальмен марапатталды.
Сонымен қатар, Ердос Бектұрсын (26 кг), Нұрхат Исембек (35кг), Қуанышбек Жексенбекұлы(38 кг), Алинур Үсен (42кг), Жанболат Қанатбек (46кг), Гүлдина Аңсар (48кг), Назипа Еркін (+57кг) жеңіс тұғырының үшінші сатысан көтеріліп, қола жүлдегер атанды.
* * *
Күрестің осы түрінен 2026 жылдың 30-31 қазан күндері аралығында 2013-2014 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен Талдықорған қаласының ашық турнирінде Алдаберген Сиражанов, Таңірберген Сережанов, Жалғас Лаубаев, Кенже Әбдікәрім баптап барған балғын дзюдошылар сәтті өнер көрсетіп, 10 медаль қанжығалады. Мәселен, 36 келіде Райиан Сапарбек, 44 келіде Фидан Гасанова және 40 келіде Айару Сүлеймен қарсыластарыне қапы қалдырып, чемпион атанса, Ахмад Дутаев, Санжар Еділхан, Дания Даутова, Сезім Қайсар чемпиондық атақ үшін шешуші жекпе жектерінде ғана сүрініп, күміс медальға қол жеткізді. Ал, Алдаспан Қарашұлы, Ислам Бекмұханбет, Наргиз Шестопалова қола медаль еншіледі.

* * *
2026 жылдың 27-30 қазан күндері Талдықорған қаласында 3х3 баскетболдан UW-12, 14, 16, 18 санаттағы жасөспірімдер ұлдар мен қыздар арасындағы Жетісу облысының чемпионаты өтті. Тәжірибелі жаттықтырушылар Санжар Серіков пен Марат Қалыбайдың жетекшелігімен тыңғылықты дайындалып барған Көксу ауданының спортшылары UW-16 санатында қыздар жеңімпаз атанса, UW-12 санатында ұлдар 2-орын, UW-18 санатында қыздар 3-орын иеленді.

Айнұр САМЕНОВА,
Көксу ауданының балалар мен жасөспірімдер

спорт мектебінің әдіскері