МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ

0
16

ҚР жоғарғы соты төрағасының 2009 жылдың 27 ақпанындағы (іс қағаздарын мемлекеттік тілге көшіру туралы) №36 өкімі республикамыздың барлық сот жүйесінің бағдаршамына айналған десек қателеспейміз. Қобда аудандық сотында іс қағаздарын жүргізу номенклатурасына сәйкес жүргізілетін сот тәжірибесінің талдаулары, жедел кеңес және семнинар сабақ хаттамалары, жоғарғы сатыдағы соттармен және басқа да мемлекеттік мекемелермен хат алмасу мемлекеттік тілде жүргізіледі.

        ҚР азаматтық және қылмыстық процесстік кодекстерінің 14 және 30 бабтары бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады деп көрсетілген. Осы баптарда, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізу сотқа талап арыз берілген тілге қарай белгіленеді.
Ол заңмен бекітілген. Еліміздегі әр ұлт, әр азамат мемлекеттік тілді құрметтеу тиіс. Мемлекеттік тілде іс жүргізуде, бірінші заң орны, соның ішінде сот үлгі болуы қажет.
Қазіргі танда өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз, радио, теледидарымыз 90-жылдарға қарағанда әлдеқайда «қазақша сайрап тұр)» десек болады. Бұл біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебесінің асқақтағаны, бұл осы уақытқа дейін барлық мүмкін болар онды-солды жағдайды жете бағамдай отырып жүргізілген мемлекеттік тіл саясатының нәтижесі.
Бүгінгі күні біздің елімізді — тілдердін үш тұғырлығы — жана термин пайда болды. Әлемдік өркениетке қадам басу үшін қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де жетік білу талап етілуде. Жас ұрпақтын білім ордаларында осыған орай шет тілін менгеру үшін біліп алып жатқаны да қуантады. Әрине, әлемдік даму үрдістерінен кейін қалып қоюға болмайды бүгінгі таңда, мемлекеттік тілдің мәртебесін нақты белгілеу туралы әр түрлі талаптар мен өтініштер бар.
Демек, әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек, ағайын.
Садыбекова Г.Р.
Талдықорған қаласының мамандандырылған
тергеу сотының бас маманы