Депутаттар ел аралап жүр

0
1730

 Парламент депутаттары  елді мекендерді аралап, халықпен жүздесіп,  шаруашылықтар мен мәдени ошақтарды аралап жүр.

Жетісу өңіріне жұмыс сапарымен келген бір шоғыр  халық қалаулысын  Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алакөл ауданындағы ауылшаруашылық  нысандарының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Мәселен, депутаттар «Zhersu» инвестициялық-өндірістік корпорацияның аграрлық объектірінің жұмысымен танысты. Белгілі меценат Бауыржан Оспанов Арқарлы ауылдық округі аумағындағы «Алакөл Асыл жылқысы» фермасындағы  «қамбар» атты тұқымының асылдандырылған жүйеде жұмыс атқарып жатқанын, бүгінде мұнда 10000 бас жылқы, Ресейдің Алтай, Барнауыл, еліміздің Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан өңірлерінен әкелінгенін тілге тиек етті.  Бауыржан  Кеңесбекұлы болашақта жылқы басын 20000-ға жеткізуді көздеп отырғанын айтты. Ет пен сүт бағытын өркендетуге арналған шаруашылықта мал бағу JPS-тің көмегімен жүзеге асырылғанын, мұнда қызмет жасайтын 56 адамға барлық жағдай жасалғанын, оларға жатахана, арнайы тұрғын үйлер және кинотеатр мен кітапхана да қызмет көрсетуде деді. Шаруашылықтың сан-салалы түрімен айналысып жатқан «Zhersu» инвестициялық-өндірістік корпорациясы бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов  төрт түліктің басы «ойсылқара» тұқымын да өсіруді қолға алғанын айтты.

Бұдан кейін «Бұдыр» ауылына  орналасқан «Қайыңды» ЖШС-нің мал бордақылау алаңы мен ет өңдеу зауытына бұрған қонақтар, мал бордақылау алаңындағы 5000 бас ірі қара жұмысына қанықты. Герефорд және Ангус тұқымды 4500 бас бар.  Ет өңдеу зауыты іске қосылғалы 500 бас ірі қара сойылған. Зауыт тәулігіне 60 басқа дейін мал сойса, шұжық цехында тәулігіне 6 тоннаға дейін дайын өнім өндірілетінін көрді.

Халық қалаулыларына облыс басшысы Амандық Ғаббасұлы: «Мал шарушылығының осындай іргелі нысандарының өңірдің ет өндірісін, экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуға, әрі ғылымы-әдістемелік орталық ретінде көрсетуге болады. Біз ірі бизнесмендердің көмегімен осындай өте пайдалы жобаларды жүзеге асыру арқылы, өңірге инвестиция тарту жұмыстарын жандандыратын боламыз» – деді.

Жетісу өңіріндегі депутаттардың іс сапарының тағы бір саласы Талдықорған қаласындағы «Jetisу Hub» IT орталығында жалғасты. Мұнда сенат депутаты Ләззат Сүлеймен балалардың қолымен жасалған жобалармен танысып, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жас толқындардың жұмыстарына ризашылығын білдірді. Одан кейін Жетісу саңлағы Бикен Римова атындағы облыстық театрда болып, соңғы үлгіде салынған ғимарат пен әрі осында қызмет атқаратын актерлермен жүздесті. Сондай-ақ, облыс орталығындағы «Достық үйінде» болып, ынтымағы жарасқан ұлт өкілдерінің игі істерімен танысты. Алматы облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбай депутаттарға «Белсенді өмір сүру орталығы», «Облыстық орыс орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Тіл оқыту және медиация орталығының» атқарған жұмыстарын баян етті.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Кілтсөздер:ІССАПАР


ПІКІР ЖАЗУ