Halyk Bank: смартфон ұтып алыңыз

0
2223

Қазақстанның ең ауқымды банкі заңды тұлғаларды бағалы сыйлықтар ұтыс ойынына қатысуға шақырады.

Samsung XCover 4S он смартфонының біреуін ұтып алғыңыз келе ме? Halyk Bank-тің жаңа науқанына қатысыңыз! Ол үшін бар болғаны банктің заңды тұлға ретінде тіркелген клиенттері Halyk Pos тегін мобильді қосымшасын жүктеп, орнатып және оны іске қосу қажет. Жарияланған науқан 2020 жылғы 1 қарашадан 2021 жылғы 31 қаңтарға дейін жалғасады. Ұтыс ойынының шарттары өте қарапайым. Орнатылған Halyk Pos қосымшасы көмегімен VISA карталары бойынша айына кемінде он транзакция қабылдауы тиіс және әрбір жүргізілген операцияның сомасы 500 теңгеден кем болмауы қажет. Тауар немесе қызмет үшін қабылданған төлемдер қайтарылса, ол транзакциялар ұтысқа қатыспайды.

Samsung XCover 4S смартфоны иелері Halyk Bank-тің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында, тікелей эфирде, кездейсоқ сандарды таңдау әдісімен анықталады. Жеңімпаздар 3 кезең бойынша жарияланады: 2020 жылғы 15 желтоқсанға дейін, 2021 жылғы 15 қаңтарға дейін және 2021 жылғы 15 ақпанға дейін.

Ескерте кетейік, науқанға банктің және Halyk тобының қызметкерлері, сондай-ақ Банкпен тығыз қарым-қатынастағы тұлғалар қатыса алмайды.

Естеріңізге саламыз, Visa Tap to Phone технологиясына негізделген Halyk Pos қосымшасы басқа жабдықсыз, өзге құралдарды қолданбай-ақ жеке Android смартфонды POS-терминалға айналдыруға мүмкіндік беретін жаңа қызмет түрі. Атаулы Halyk Bank-тің жаңа Halyk Pos өнімі шағын сауда-сервистік кәсіпорындар үшін өте қолайлы және бұл қызмет смартфонның көмегімен жанасусыз төлемдерді қабылдауға, онымен қоса Homebank Pay, Apple Pay және Samsung Pay смартфондарымен төлемдерді қабылдап, әрбір төлемді басқару, қаражатты қайтару және түбіртектерді жолдауға мүмкіндік береді.

 

 


ПІКІР ЖАЗУ