КӨШБАСШЫ БІЛМ ОРДАСЫ

0
1677

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – өзіндік салт-дәстүрімен бай, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол бірден-бір көшбасшысы жоғары оқу орны.

Пандемия жағдайында Қазақстанның ЖОО арасында алғашқылардың бірі болып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Университеттің жүз мыңдаған студентінің дәрістері, семинарлары мен тәжірибелік сабақтары онлайн режимде өтуде.

Сонымен қатар, осындай қиын уақытта ұстаздар қауымы студенттердің кәсіби білім алуымен қатар тәрбиелеріне үлкен мән беруде.  Университет көлемінде әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдығын атап өту мақсатында онлайн режимінде әртүрлі жиындар мен тәрбие сағаттары жүргізілуде.

Осы орайда география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының мұғалімдері де осы бағытта аянбай еңбек етуде. Мәселен, «География» мамандығының 1 және 4 курстарымен «Мамандығым мақтанышым» атты тәрбие сағаты өткізілді. Бұл онлайн кездесуде студенттер өздерінің мамандықтары жөніндегі танымын тереңдетіп, жан-жақты танысып, болашақ бағыттарын айқындай түсті. Жоғары курс студенттері өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айта отырып, іні-қарындастарына сәттілік тіледі.

Бүгінде 16 факультеттің барлық студенттерін қашықтықтан негізгі сабақтардан бөлек осындай тәрбие сағаттары мен жиындарды өткізуге университеттің дамыған IT-инфрақұрылымы қамтуға мүмкіндік береді.

И.Б. САРСЕНОВА,

ҚазҰУ,  география,  жерге орналастыру және

кадастр кафедрасының аға оқытушысы.

 

 


ПІКІР ЖАЗУ