Созылмалы ауруға шалдыққан 5,5 мың тұрғын екпе алды

Neal Browning receives a shot in the first-stage safety study clinical trial of a potential vaccine for COVID-19, the disease caused by the new coronavirus, Monday, March 16, 2020, at the Kaiser Permanente Washington Health Research Institute in Seattle. Browning is the second patient to receive the shot in the study. (AP Photo/Ted S. Warren)
Алматы облысында 423 адам вирус жұқтырды. Нәтижесінде індеттің өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,9 пайыздан 1,0 пайызға артты. Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Сарқан, Кеген, Ұйғыр аудандарында және Текелі, Талдықорған қалаларында індетке шалдығушылар саны салыстырмалы түрде көп.
Коронавирустың таралуы қарқын алуына байланысты әлі күнге екпе салу жалғасуда. Қазіргі кезде өңірде 631 037 мың адам вакцинаның І компонентін қабылдады. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер – 12 197, медицина қызметкерлері – 23 595, педагогтар – 39 075, ТЖМ, Қорғаныс министрі, ҰҚК, ІІМ, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері – 21 281екпе салдырып, көш бастап тұр. Сонымен қатар созылмалы аурулары бар 5588 тұрғын вакцина алды. Ал, екпенің екінші бөлігімен 497 721 адам егілгендігі расталды. Коронавируспен күресу бір сәтке де бәсеңсіген жоқ. Ұлт денсаулығы – ұлы қорған. Ұжымдық иммунитетті қалыптсатыру сіз бен бізге парыз екенін естен шығармайық.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ