Әр бала – жеке тұлға

0
1352

Кульсара  АЛДЖАНБЕКОВА:  «Ұлым – Даниял, он жаста.  Балам қаладағы  №24 экономика және бизнес лицейінде оқиды.  Оның  қабілеті мол,  бәрін білсем,  көрсем,  үйренсем деп тұрады.   Жаз  айында  «Мейірім» шығармашылық  орталығын   естіп  сол жерге жіберуді жөн көрдім. Өзі де қызығушылық танытып,   талаптанып,  «Оригами»,  «Живопись»,  «Көркем сөз»,  «Ас шеберіне»,  «Теннисқа»  барып жүр.  Тіпті,  арасында   бассейнге суға  жүзуге  де  барады.  Даниял балабақшадан бастап ұғымтал  болды,  жан-жақтан өзін көрсетіп жүретін.  Баламның өзін әр түрлі жағынан шыңдауына сол жердегі тәрбиешілері де мол септігін тигізді.  Бүгінде соның жалғасы  осы  «Мейірім»  шығармашылық орталығы десем қате айтпаймын. Барша орталық  ұжымына  алғысым  шексіз.   Балаларға үйретуден еш аянбайды, әрқашан өз білгендерін түсіндіріп, шәкірттерінің  алға дамуына барынша үлестерін қосуда».

***

Бекзат  ОРАЗБАЕВА:   «Отбасымызда  – төрт бала.  Қызым –  Айша тұла бойы тұңғышымыз. Он жаста.  Қаладағы №25-ші мектепте оқиды.  Артынан ерген екі сіңлісі, бір  інісі бар. Тіл көзім тасқа, балаларым бауырмашыл,  әрқашан бір-біріне қамқор болып,  тату жүреді.  Бұрын Республикалық байқаулардан  көптеген жүлде  алған. Қолөнерге кішкентай кезінен жақын, сурет салғанды жақсы көреді.

Ал,  Аидамның жасы сегізде. Ортаншы баламыз. №25-ші мектептің  3сыныбында оқиды. Айналасындағылардың бәрімен тез тіл табысады.  Оқуда озат.  Барлық нәрсеге қызығушылық танытып жүреді.  Сурет салғанды, ән айтқанды жақсы көреді.

Қызым – Райяна,  жасы – бесте.  Ерке болса да  әпкелерінен қалмай  осы  орталыққа барып жүр. Олар  не жасаса,  соны қарап қайталағысы келеді. Осылай әр түрлі қызығушылықтары оянып жатыр.

 «Мейірім» шығармашылық орталығының барша ұжымына және ұстаздарына алғысым шексіз. Бұрын балаларымды ешқандай үйірмеге бермейтінмін.  Осы орталыққа  барғалы бері қыздарым  жан-жақты даму үстінде. Басында орталық тегін ашылды деген соң жаздырған болатынмын.  Ал,  қазір  сол кезде  балаларымды  жаздырғаныма еш өкінбеймін.

Гүлмира Қуанышқызына аналық алғысым шексіз.  Қаншама баланың дамуына үлесін  қосып,  қабілетін дамытып,  күннен-күнге  әр түрлі үйірмелерді ашып жатыр. Ұстаздары балалардың ешқайсысын бөліп жармай, бәріне жылы жүзбен қарайды.  Айнұр Төлеу апайымызға  көп рахмет.  Қыздарым күнде сабағына асығады.  Клара  Дүйсебекқызы  – мүсіндеудің нағыз хас шебері.  Нұргүл  Ершатқызының арқасында кесте тігуді үйренді. Қазір қуыршақтарына ойдан құрап, неше түрлі киімдер тігіп алады. 

 Олар  «Мейірім» орталығындағы   «Шешендік өнер», «Оригами», «Мүсіндеуге» және «Кестелеуге» барып жүр.  Енді «Суретке», «Вокалға», «Ағылшынға» жазылдық.  Осы орталығымыз дами берсе екен.

Кезінде өзіміздің балалық шағымызда бұндай мүмкіндік болмады ғой. Ал, қазіргі балаларда таңдау көп. Не нәрсеге барғысы келеді, не нәрсеге қатысқысы келеді  барлық жағдай жасалған.

«Мейірім» шығармашылық орталығының ұстаздары шәкірт тәрбиелеуден жалықпай,  шапқылап жүре берсін.  Әр бала – жеке  тұлға дегендей,  болашақта   мақтанышпен айтатындай шәкірттері көп  бола берсін».

 ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ