425 өрт тіркеліп, 19 адам ажал құшты

0
273

Жазғы маусым жайдарлы болғанмен оның да қауіп-қатері бар. Аптап күннің ыстығынан қашып, көлеңке іздеген адамзат баласы өзен-көлдерді жағалап кетеді. Шомылу маусымы басталғалы бері 27 күнде республика бойынша 65 адамның суға кеткені жайлы өткен аптада мақала жариялағанбыз. Бұл судағы қауіп болса, ауа-райының күрт ысуы да алапат өртке алып келуде. Бұл да адамдардың немқұрайлығынан немесе абайсыздығынан болып жатады.

Шомылу маусымы демекші, өткен аптада ғана Шығыс Қазақстан облысының Алакөл аймағындағы демалыс орындарында алапат өрт болды. Екі күннің бірінде суға батып кетіпті, алапат өртке оранды деген суық хабардан құлағымыз тұнып, денеміз түршігетін халге жеттік. Осының түп төркініне зер салсақ, әсіресе орман тоғайларға демалуға барғандар өрттің қауіпсіздік ережесін сақтамаудан болып жатады. Көлік тізгіндеп бара жатқандар да қара жолдың жағасына шеккен шылымдарының тұқылын сөндірместен лақтырып жіберетіні, ал оның қураған шөпке түсіп, тілсіз жаудың тұтануына себеп болуда. Төтенше жағдайлар департаменті де профилактикалық шараларды ұдайы жүргізіп келеді. Онда өрттің алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында  – 2 281 рет,  теледидарда – 123 (2021 ж. – 123), баспа басылымдарында – 969 (2021 ж. – 950),  радиоэфирде – 1 189 (2021 ж. – 1 133) өткізілгенін айтуда.

2021-2022 жылдары жылыту маусымы кезеңінде Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері теледидарда – 42 (2020-2021 жж. – 36) материал, радиоэфирде – 694 (2020-2021 жж. – 607) сөз сөйлеу, баспа басылымдарында  – 592 (2020-2021 жж. – 530) өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша мақалалар мен жарияланымдардың жарық көргенін мәлім етті.

Департамент халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар тұратын 13 мың 953 үйді есепке алыпты.  Бұл топтардың басым бөлігі Текелі қаласында (1842 үй), Талдықорған қаласында (1881 үй), Талғар (1866 үй) және Ұйғыр аудандарында (1100 үй) тұрады дейді.

2021-2022 жылдары жылыту маусымындағы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы тұрғын үйлерді азаматтық қорғау органдары аулаларды аралап шығуды ұйымдастыру арқылы өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстармен толық қамтып, оның ішінде 11 мың 731 үйді жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп аралаған.

Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерін 100% қайта аралау жүргізілген. Қайта тексеру барысында заң бұзушылықтар анықталған үйлерде (1 635) өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданғаны айтылды. Нәтижесінде осал топтарға жатқызылған үйлерді қайта қарау кезінде үй тұрғындары өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданып оның ішінде 10 мың 179-ы өз бетінше, 3444-і жергілікті атқарушы органдардың көмегіне жүгінген. Адам өміріне аса қауіпті өрт салдарынан қаншама жасөспірімдер тілсіз жаудың құрбанына айналды. Ел есінен кетпейтін орны толмас өкініш Нұр-Сұлтан қаласында пәтер жалдап тұрған отбасының бес бірдей бала-шағасы ата-анасы жұмыста болғанда өртке оранған болатын. Одан кейін де Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы Лесхоз кентінде 14 үй отқа оранып, 310 гектар жерді өрт шарпып, мұнда да адам шығынына жол берілді. Алматы облысының Талғар қаласында өрт болып, үш адам қаза тапқан-ды.Талдықорған қаласында тұтас бір отбасы ысқа уланып, 3 адам қайтыс болды. Бұл үш адамның отағасы 31 жастағы үй иесі болса, екеуі өрімдей жас 5 және 3 жастағы балалар болатын. Бұл оқиғалардың бәрі өткен күннің еншісінде десекте, ай мен күннің аманында адам өмірін жалмаған тілсіз жаудың кесапаты екенін ұмытуға болмайды. Қауіп пен қатердің қайдан келетінін елеп ескере бермейтініміздің түбі орны толмас өкінішке ұласуда. Жылдың төрт мезгілінде де, өрт қауіпсіздігіне адамдар аса мұқият болуылары керек. Мәселен өткен 2021 жылы Қазақстанда болған өрт оқиғаларының басты себебі тұрғын үй секторларына тиесілі болыпты. Бұл жайында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитеті басқарма төрағасының міндетін атқарушы Тілеуберді Мәдиев айтқан болатын. Ал  биылғы жылы үкімет отырысында Премьер Министр  Әлихан Смайловтың төрағалығымен  Министрлер кабинетінің отырысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрт қаупі бар кезеңге дайындық туралы  ақпарат берген-ді. Министрдің айтуынша, жыл сайын елімізде сегіз жүзге жуық орман және дала өрті тіркеледі екен. Өткен жылы еліміздің орман қорында 751 өрт тіркеліп, 167 мың гектар орман алқабы жойылды, экологияға келтірілген зиянды есепке алмағанда тікелей материалдық залал  6 млрд. теңгеден асты деген-ді.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша орман өрттерінің ең көп саны Шығыс Қазақстан (194 жағдай), Ақтөбе (123 жағдай), Павлодар (114 жағдай), Қостанай (100 жағдай) облыстарында тіркелген.

Жоғары өрт қаупі биыл да сақталуда деген министр жыл басынан бері 42 көктемгі орман өрті тіркелгенін, өрттің жалпы аумағы 668 гектарды құрады». Қазгидрометтің болжамы бойынша  алдағы өрт қаупі бар кезеңде орташа температура +30º С көтеріледі, ал республиканың оңтүстік, шығыс және батыс бөлігінде құрғақшылық пен ауа температураның + 40º С-қа дейін жоғарылап, жауын-шашын тапшылығы болады. Мұның бәрі орман қорындағы өрт қаупін едәуір арттырады», – деді министр Юрий Ильин. Демек аптап ыстық болатын кезең – шілде мен тамызға дөп келіп тұр. Басты қауіп, ормандар мен далалардың тұтану ошақтарын дер кезінде анықтау үшін Төтенше жағдайлар министрлігінен бастап жергілікті департамент пен билік өкілдерінің аса сақтығын қажет етеді. Бұл бағытта жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті түрлі шаралар мен талаптарды жүзеге асыруда. Бұл бағытта табиғат қорғау және орман мекемелерінің жарақтандырылуы 50%-дан аспайтын өңірлер барын да министр айтқан-ды. «Мәселен Атырау облысының әкімдіктеріне бағынысты мекемелерінде жарақтандыру 20%-ды, Қызылорда да 33%-ды, Батыс Қазақстанда 47%-ды, Шығыс Қазақстан облысының Экология министрлігіне бағынысты мекемелерінде жарақтандыру 24%-ды, ал,  Ақтөбеде 47%-ды, Солтүстік Қазақстанда 48%-ды құрайды.

Қазіргі уақытта қолда бар әрбір бесінші техника бірлігі пайдалану мерзімінің ұзақтығына байланысты өртті жоюға дайын емес. Дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігінде де жағдай осындай. Соңғы 5 жылда еліміздің дала алқаптарында 500-ден астам өрт және 23 мың өрт тұтанып, 1,5 млн. гектар өртенді, ал шығын 121 млн. теңгеден асты. Сонымен қатар осы кезеңде дала өрттерінің салдарынан 18 адам қаза тапты, 2 мыңнан астам мал басы өртенді», – деген министр Юрий Ильин. Бұл дала өрттері десек, саяжайларда тұрып жатқан тұрғындардың да өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарайтыны жиі айтылады. Табиғи өрттердің себептерін талдап көрсеткендей, жанудың тек 43%-ы табиғи құбылыстардан, найзағай разрядтарынан туындаған, ал  50%-дан астамы адам әрекетінің нәтижесінен болады. Ол үшін жергілікті билік халықтың  орман алқаптарына кіруін шектеу, ормандардағы өрт қауіптілігі сыныбын арттыруға уақытылы және жедел ден қою қажет. Азаматтармен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі туралы кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оларды бұзғаны үшін белгіленген жауапкершілікті халыққа жеткізу талап етіледі. Алайда бұл қағиданы жергілікті билік те, халық та ескере бермейді. Оның арты алапат өртке ұласады.

Ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін өткен жылдың қорытындысы бойынша 9,8 млн.теңге сомасында 353 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  8,1 млн.теңге өндірілген. Биыл министрлікпен барлық 152 мемлекеттік орман иеленушісінің биылғы өрт қаупі бар кезеңге дайындығы тексерілуде деп айтқан министр жергілікті жерлерде өрт сөндіруге қарсы техникалар мен құралдардың жеткіліксіздігін тілге тиек еткен-ді. «Аттары аталған Солтүстік, Атырау, Ақтөбе тағы басқа да өңірлердің өрт қауіпсіздігіне қатысты жұмыстарына сын айтылды. Дала, мейлі тұрғын үй, жеке сокторда өрт орын алса, оның зиянын бірінші адам көреді. Мемлекет те зиян шегеді. Адам өмірі бәрінен қымбат екенін елеп ескерсек, су, өрт және табиғат апаттары жайбасарлықты көтермейді. Алматы облысының аймағында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып пайдаланатын халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлері жоқ», – дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз өкілдері.

2021-2022 жылдары аралығында жылу беру кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде өрттердің болмауы екпінді тәсілдің тікелей нәтижесі.

Жергілікті бюджет есебінен қауіпсіз балалық шақ журналы түрлі жағдайлардағы балалардың мінез-құлық ережелері туралы 12 анимациялық бейнефильм дайындалды. Аталған мультипликациялық фильмдер облыстық «Жетісу» телеарнасында көрсетіледі, департамент сайтында және ведомстволық әлеуметтік желілерде орналастырылды.

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен «Спасая Жизни» телевизиялық бағдарламасының 24 шығарылымы әзірленді. Бұл телебағдарламалар республикалық «Тұран ТВ» телеарнасында, сондай-ақ облыстық «Жетісу» телеарнасында көрсетілді.

«Төмендету мақсатында тәуекелдерді қайғылы салдарын газдан уланып немесе жану өнімдеріне қатысты жұмыстар жүргізілді. Орнату бойынша тұрғын үйлерде датчиктер ерте анықталған қауіпті концентрациясы жану өнімдерінің (түтін) улы және табиғи газға қатысты ұдайы жариялымдар беріп келеміз. Мәселен жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен 2021-2022 ж.ж. жылыту маусымында тұрғын үйлерде  2507  датчик орнатылды, оның ішінде табиғи газдан көрсеткіш жоқ, 1369 – түтін, 1138  –  улы газ. Сонымен қатар жылыту кезеңінде автономды өрт хабарлағыштары мен табиғи газды анықтау датчиктеріне, сондай-ақ  жөндеуді қажет ететін пештер мен электрмен жабдықтауға қажеттілік нормалары айқындалған», – дейді баспасөз өкілдері. Жалпы Алматы облысында 2022 жылдың 2 – тоқсанында 49 млн. 461 мың теңге (2021 ж. – 51 млн. 33 мың теңге) материалдық шығынмен 425 өрт (2021 ж. – 437 өрт) тіркелді. Өртте 19 адам қаза тапты (2021 ж. – 23 адам), 1 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды (2021 ж. – 6 адам). Алты айда орналастыру объектілеріне мемлекеттік бақылау жүргізіліп, 1519 тексеру (+17%, 2021 ж. – 1297), оның ішінде ерекше тәртіппен 872 жоғары тәуекел дәрежесіндегі объектілер (+1%, 2021 ж. – 869), жоспардан тыс – 647 объектілер (+51,1%, 2021 ж. – 428) жүргізілген. Анықтама бойынша облыс аймағында 18 мың 353 объект есепке алынып, оның ішінде 4113 жоғары тәуекел дәрежесіндегі объект, 14 мың 240 болмашы дәрежедегі объекті қамтылды…

Ағымдағы жылдың бірінші жарты  жылдығына 889 тексеру жоспарланған, тексеру кестесінің орындалуы – 98.1% немесе 872 тексерілген объектілерді құрайды.

Тексерумен 17 объект алынды:

–  4 нысанға аудит жүргізілді;

–  3 нысан кәсіпкерлік санатын кіші нысанға ауыстырды;

–  2 нысан жұмыс істемейді;

–  5 күрделі жөндеу объектілері;

–  2 объект дислокация есебі;

–  1 нысан пайдалануға берілмейді.

Әкімшілік жауапкершілікке жеке және заңды тұлғалардың 1227 (2021 ж. – 1207, 1,6% – ға өсті), оның ішінде ескерту түрінде 983 (2021 ж. – 1115, 12%-ға азайды), айыппұл түрінде  244 (2021 ж. – 92, екі есе өсті) жалпы сомасы 9 млн. 180 адам тартылды мың 615 теңге (2021 ж. – 4 млн. 302 мың 607 теңге, 100%-ға өсті).

Сот органдарына жалпы сомасы 23 млн. 798 мың 748 теңгеге (2021 ж. – 20 млн. 924 мың 600 теңге, 13%) 105  әкімшілік материал жіберілді (2021 ж. – 98, + 7,3%), қаралды, 75 (2021 ж. – 64, + 17%). Төтенше жағдайлар департаментінен алынған ақпараттарға зер салсақ, биылғы жылғы өрт көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым төмен екенін көрсетуде. Бірақ бұл жарты жылдық көрсеткіш, аптап ыстық енді басталды. Дала мен орман-тоғай және саяжай маңындағы қураған шөптерден келетін қауіп әлі сейіле қойған жоқ. Сондықтан бірінші демалыс аймағына барған адамдар өрт салдарынан болатын ережелерді мұқият назарларында ұстағаны жөн. Бұдан бөлек, тұрғын үй мен жеке секторларда тұратын тұрғындар үшін газ жүйелерімен, газ балондарын абайлап қолдану, электр жүйелерінің тұйықталмауына зерек болғандары жөн. Себебі Құдай да сақтанғанды сақтайды…

Айтақын МҰХАМАДИ


ПІКІР ЖАЗУ