Маймыл шешек ауруы әлемнің 70 еліне тарады

0
353

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше маймыл шешегін жұқтыру күн сайын өсуде. Кесел Нигерия мен Конгода ерекше өршіп тұр.

Бүгінде  әлемнің 70 елінде 9111 жағдай тіркеліп, оның 9071-і расталған. Дей тұрғанмен, Қазақстан Республикасында маймыл шешегіне күдікті жағдай тіркелген жоқ.

Денсаулық сақтау мекемесі инфекция таралған Африка елдерінен келген азаматтарға ерекше назар аударуда. Ауру көп жағдайда қан, денеден бөлінетін сұйықтық, яғни, тер, түкірік және ауру жануардың зақымданған терісі немесе шырышты қабаттары арқылы беріледі. Науқас адамның түкірігі мен сілекейі екінші адамның ішіне түссе, ауру жұғады.

Аурудың негізгі белгілері – дене температурасының көтерілуі, қалтырау, бас ауруы, әлсіздік, бөртпе шығу.  Тыныс алу ауырлап, тұмауға ұқсас белгілер байқалады. Әлем коронавирус жұқпасынан толық айықпай жатып, маймыл шешегі кеселінің таралып бара жатқанына алаңдаулы. Сондықтан, шет елдерге саяхатқа шыққан  жағдайда барлық сақтық шарасын ұстанған жөн.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ