Эндопротездеу операциялары жасалды

0
349

Талдықорған қаласындағы  облыстық ауруханада Ресей Халықтар достығы университетінің травматология және ортопедия кафедрасының доценті, мәскеулік хирург-ортопед Денис Римашевскийдің қатысуымен эндопротездеу операциялары жасалды.

Бүгінгі таңда буындардың ауыр ауруларымен ауыратын науқастар үшін артропластика-ауыртпалықсыз ауырсынудан арылудың  және толыққанды өмірге оралудың жалғыз жолы болып табылады. Мәскеулік қонақтың айтуынша, оның Талдықорғанға келуі  әріптестерімен араласып, хирургиялық технология саласында тәжірибе алмасу.

– Біз осында алғаш рет енгізіп жатқан протездермен ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келеміз. Сондықтан хирургиялық техниканы сәл өзгерттік.  Осындағы әріптестер бізді  оның ерекшеліктері туралы айтып, бөлісуге шақырды. Ал операция кезінде менің басты міндетім – осы эндопротездеуге ұсынылған хирургиялық техниканың сақталуын бақылау. Осы орайда  жамбас сүйегінің сынуы бойынша ота жасалып,  мен үшін  әріптестерімнің тапсырманы қалай орындауы  қызық болды, – деген Денис мырза бұл мастер-класс емес, ешкімді үйретудің де қажеттілігі жоқ екенін  тілге тиек етті.

Айта кетейік, Денис Римашевский – ірі буындарды протездеу бойынша маман. Ол ауыр жарақаттар мен аурулардан кейін науқастарды қалпына келтірудің ең ерекше әдістерін меңгерген. Оның Қазақстан Республикасында – Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Тараз, Петропавл және т.б. шеберлік сабақтарын өткізуде үлкен тәжірибесі бар. Осы уақытқа дейін  Қазақстанның түкпір-түкпірінде болды, тіпті ең шалғай аймақтарды да аралады, қалалық және аймақтық медицинаның барлық мүмкіндіктерімен таныс.

Талдықорған қалалық облыстық ауруханасындағы травматолог-ортопедтері жамбас буындарын ауыстыру операциясын 2011 жылдан жасай бастады. Нәтижесінде травматология мен ортопедияда заманауи технологияларды қолдану арқылы 54 операция түрі кезең-кезеңімен енгізілді. Жамбас артропластикасынан кейін тізе ауыстыру операциясы, одан кейін тізе артроскопиясы енгізілді. Бүгінгі таңда облыста буынішілік патологияның барлық түрлері анықталып, емделуде.

С. ҚАСЫМБЕКҚЫЗЫ.


ПІКІР ЖАЗУ