Жылыту маусымы: ауданның дайындығы қалай?

0
806

Қылышын сүйретіп келетін қыстың қамын жаздан бастап ойлап, ерте қамданудың маңызы зор. Әсіресе, тұрғын үйлеріміздің жылы әрі жайлы, коммуналдық шаруашылығының сапалы болуына жіті көңіл бөлінуі керек.  Биылғы жылыту  маусымына  Ескелді ауданы қаншалықты дайын?  Бұл төңіректе журналистер үйінде өткен брифингте аудан әкімі   Елдос Ахметов  баян етті.Брифинг барысында аудан басшысы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын ғана емес,  газдандыру мәселесін де  тілге тиек етті.   Баяндамашының сөзінше, аудан орталығы Қарабұлақ ауылында екі орталық қазандық бар. Оның біреуі орталық газ қазандығы, екіншісі Мелькомбинат шағын ауданында орналасқан  кіші  қазандық.2022-2023 жылдағы жылыту маусымына аудан бойынша 36 көп қабатты тұрғын үй  мен 85 бюджеттік  сала  нысандары кіріктірілген.  Бюджеттік мекемелерге жылыту маусымына – 454 483 литр сұйық отын толық  жеткізілген.  Оның  ішінде: мәдениет саласына – 17 800 литр, сұйық отын білім саласына – бюджет қаражаты есебінен 134 млн. 763 мың теңге бөлініп, 436 683 литр сұйық отын  аудан мектептеріне жеткізілген.

Баяндамада белгілі болғандай  бюджеттік мекемелерге жылыту маусымына  2180 тонна қатты отын қажет,  жеткізілгені 1926 тонна (88%), оның ішінде: білім саласы бойынша балабақшаларға 7 млн. 760, 0 мың теңгеге 485 тонна көмір, бастауыш мектептерге  1 млн. 263 мың теңгеге 76 тонна қатты отын толық жеткізіліпті.

Сонымен қатар  денсаулық сақтау  саласына   585 тонна қатты отын  (20 млн. 319 мың теңге) мәдениет саласына   660 тонна қатты отынға қаражат бөлініп (6 млн. 660 мың теңге) жеткізілген.

Ал, ауылдық әкімдік ғимараттарына 93 тонна көмір қажет болса, күні бүгінге 54 тонна көмір жеткізіліпті,  қалғаны қыркүйек айының соңына дейін алынады деп жоспарланған. Коммуналдық қазандықтарға қатты отын жоспары – Мелькомбинатта орналасқан  кіші қазандыққа 282 тонна көмір қажет. Қазіргі уақытта 76 тонна сатып алынса, қалған көмір қараша айында 206 тонна сатып алынбақшы.

«Аудан тұрғындарына 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына шамамен 66 676 тонна қатты отын қажет. Ауданда көмір сатуға арналған бір тұйық бар. Бұл тұйықта «Сауда Көмір» ЖШС-нің «Семей» маркалы көмірі сатылымға қойылды. Сатылатын көмірдің бағасы 14 800 теңге. Аудан тұрғындары ауданда орналасқан тұйықтан ғана емес, сонымен бірге Талдықорған және Текелі қалаларынан да көмір сатып алуда. Қатты отынды уақытылы алу туралы хабарламалар аудандық газетке және әлеуметтік желісінде жариялануда. Бұл мәселе тұрақты бақылауға алынған»,  – дейді  аудан әкімі Елдос Тұрсынбайұлы.

Аудан басшысының сөзінше  аймақта көмір тапшылығы жоқ. Өңірде аудан тұрғындары 35 мың тоннадан астам көмір сатып алған. Тұйықта 700 тонна көмір бар. Баяндамашы өз сөзінде  газдандыру мәселесі туралы  да айтып өтті.  Аудандағы 33 елді мекеннің 28-і газдандыруға жатса, былтыр Қарабұлақ ауылына 1.498 млрд. теңге көлемінде газ тартылыпты.  Биыл Шымыр, Жетісу, Жастар, Жаңалық, Абай, Өтенай, Ешкіөлмес ауылдарына көгілдір отынды жеткізу үшін 7 жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде екен.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ