Киім тігетін цех ашылды

0
476

Сарыөзек ауылында «Айсұлу» Жетісу тігін фабрикасының алғашқы филиалы ашылып, жиырма тұрғынды жұмысқа қабылдады.
Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаевтың айтуынша шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау – аймақ қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
«Жетісу тігін фабрикасы филиалының ашылуы бизнес пен мемлекеттің бірлескен жұмысының нәтижесі. Біз жаңа жұмыс орындараның ашылуын әрдайым қолдаймыз», – деді Дәурен Оңалбаев.
Кәсіпорын медициналық мақсаттағы бір реттік бұйымдарды, сондай-ақ, сапалы материалдан жасалған арнайы киімдерді шығаратын заманауи тігін жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
«Бұл – біздің Кербұлақ ауданындағы алғашқы филиалымыз. Қазір Ресейге экспортқа көптеген тапсырыс бар. Талдықорған тігін фабрикасының қуатын арттыру керек. Сондықтан облыстың әр ауданында бір филиал ашып, бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарды жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз», – деді «Айсұлу» Жетісу тігін фабрикасының» директоры: Жарылқасын Болатұлы.
Айта кетейік, Талдықорған қаласында ғы «Айсұлу» тігін фабрикасы осы жылдың жазында ашылған болатын. Енді міне, Кербұлақ ауданындағы филиал жергілікті басшылықтың қолдауымен кәсіпкер Жарылқасын Болатұлының қаражатымен ашылды. Қазіргі таңда басқа өндірістерді ашу үшін ауданға инвесторларды тарту жоспарлануда.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ