Облыс намысын қорғайды

0
339

«Жетісу» мен «Айқаракөз» волейбол клубтары Қазақстан Республикасының Чемпионаттарында облысымыздың намысын қорғайтын болады. Бұл туралы Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының  басшысы Алмат Үшкемпіров өңірлік коммуникациялар  алаңында  өткен  брифингте  мәлімдеді.

Басқосуға волейбол клубының спорттық директоры Елена Павлова мен «Жетісу» командасының бас жаттықтырушысы Валерий Беленков қатысып, клуб жұмыстарымен таныстырды.

Бүгінде «Жетісу» волейбол командасы құрамында 3 жаттықтырушы, 14 ойыншы, ҚР өңірлерінен 5 ойыншы, 3 легионер бар.  «Жетісу» волейбол командасы Қазақстан Республикасының Ұлттық лигадағы әйелдер арасында 8 дүркін чемпионы. Супер кубоктің 3 дүркін иегері атанған. Ал команданың бас жаттықтырушысы –  Елена  Павлова  волейболдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 20-28 қазан күндері Петропавл қаласында өткен волейболдан Қазақстан Республикасы кубогында «Жетісу» командасы қола медаль иегері атанып, команда ойыншысы Анна Тарасова жарыстың ең үздік ойыншысы  атанған.

Ал «Айқаракөз» волейбол командасында 3 жаттықтырушы, 14 ойыншы  бар. Команданың бас жаттықтырушысы – Шиндов Валерий Федорович волейболдан Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Спикерлердің айтуынша, қазіргі таңда, қос команда Талдықорған қаласын-да ел чемпионатында дайындық үстінде. Басты міндет – волейболдан Қазақстан Республикасының Ұлттық лигадағы әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделі орындарды иелену дейді.

«Волейбол маусымында ұлттық лигада Жетісу облысын екі команда танытатын болады. Ол «Жетісу» және «Айқаракөз» командалары. Екі командамызда чемпиондықтан, медальдан үміткер. Командамызда жақсы жас ойыншылар, жергілікті қаракөздерден құралған. Және сырт ойыншылардан 4 ойыншы бар», – дейді Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Алмат ҮШКЕМПІРОВ.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ