Лепсі өнімдері кәсіпорны белсенділік танытуда

0
2998

ҚР Президентінің сайлауында Алакөл ауданыдағы «Лепсі – өнімдері» ЖШС ұжымы белсенділік танытып,  Лепсі ауылы №80 сайлау учаскесіне келіп ұжыммен дауыс берді.

Мекеме басшысы Абузяров Фархат дәстүрлі сайлауда әрдайым әріптестермен келіп, сайлауда дауыс беретіндіктерін жеткізді.

«Сайлау саяси науқан оған әр бір азамат белсенді болу керек. Кейбір азаматтар сайлау бізсіз де өтеді деген ұғымнан арылып, әділетті қоғам орнату үшін әр азамат дауыс беруі керек. Сонда ғана болашағымыз баянды болатыны сөзсіз», –  дейді мекеме басшысы.

Аталған мекеме 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ондаған адам жұмыс істейтін кәсіпорын бал шығырумен айналысады. Шығарған өнімдер Қазақстан ғана емес, алыс-жақын шет елдерге де экспортталады.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ