«Дауыс беру үшін Астанадан арнайы келдім»

0
732

Белгілі кәсіпкер, меценат, мәжіліс депутаты Закиржан Кузиев Жетісу облысы, Панфилов ауданындағы  тіркелген мекенжайы бойынша келіп дауыс берді.

Депутат бүгінгі күннің ерекшелігіне тоқталып, 20-шы қарашадан бастап өзгеріс болатынын айтты.

«Өте керемет. Тұрғындар белсенді. Мен арнайы өзімнің туған жерімде дауыс беру үшін келдім. Ұйымдастыру жағы көңілімнен шықты. Қызметкерлер де, бақылаушылар өз жұмысын жақсы атқаруда. Жаркенттік жерлестерім де республикалық шараға барынша ат салысып, таңертеңнен бастап келіп жатыр. Осының барлығы менің көңілімді көншітіп отыр»,  – деді депутат.

Атап айтсақ,  Закиржан Кузиев еңбек жолын 1990 жылы «Ремстройтехника» өндірістік бірлестігінде жұмыс істейтін 5-разрядты ағаш ұстасы ретінде бастаған. Бүгінде «Универсал» компаниялар тобы өндірісінің салалық құрылымы әртүрлі Қазақстан Республикасының қуатты өндірістік кәсіпорындарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда компаниялар тобында 3 мыңнан астам адам жұмыс істейді. 1999 жылдан бері «Nur Otan» партиясының мүшесі. 2005 жылдан бастап «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС құрылтайшысы.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ


ПІКІР ЖАЗУ