Медициналық пункт ашылды

0
561

Кербұлақ ауданының Көкбастау ауылында жаңадан медициналық пункт ашылды.

Жаңа жыл қарсаңында Қоғалы ауылдық округіне қарасты Көкбастау ауылында блокты-модульді медпункт ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Әденов қатысып, медициналық пунктті ауыл тұрғындарының игілігіне тапсырды.

Емдеу орнында науқастарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге толық жағдай жасалған. Медициналық пункт бес бөлмелі. Ауру түрі мен оған жасайтын емдік шаралары үшін арнайы бөлмемен жабдықталған. Мұнда үш қызметкер жұмыс істейді. Жаңа нысан Көкбастау ауылының шамамен 91 тұрғынын қамтиды.

Шалғай ауыл тұрғындары үшін мұндай медициналық мекеменің маңыздылығы жоғары.

АЛАТАУ-АҚПАРАТ


ПІКІР ЖАЗУ