МӘМС: кім, қанша төлейді?

0
299

Жұмыс берушілер қызметкерлері үшін  – жалақының  3% мөлшерінде 10 ЕТЖ артық емес немесе 21 мың теңге.

Қызметкерлер, оның ішінде АҚС шарты бойынша жұмыс істейтіндер – табысының 2%, 10 ЕТЖ артық емес немесе 14 мың теңге.

Жеке кәсіпкерлер (ЖК) ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 900 теңге.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар немесе БЖТ төлеушілер: республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін БЖТ көлемі 1 АЕК құрайды, яғни 3 450 теңге. Қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ көлемі 0,5 АЕК құрайды, яғни 1 725 теңге.

Дербес төлеушілер – 1 ЕТЖ 5% немесе 3 500 теңге.

Мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін төлем жасайтынын еске сала кетейік. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың жеңілдікті санатындағы 1 адамға жарна мөлшері Мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8% құрайды.  Бұл мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының 2 жылының алдындағы орташа айлық жалақы.

 «АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ