Екпінді ауылына табиғи газ берілді

0
230

Жаңа жыл қарсаңында екпінділіктер үшін ерекше қуанышты жаңалықпен ерекшеленді. Мереке қарсаңында Ескелді ауданы, Төлеңгіт ауылдық округінде қарасты Екпінді ауылына да табиғи газ берілді.

Ауыл тұрғындарының тұрмысының жақсарып,  өмір сүру сапасын арттыруға көмек беретін қажеттіліктің бірі – көгілдір отынның, бүгінгі күні ауыл тұрғындары үшін маңызы зор.

«Ауылдарымыздың дамуы, келешегінің зор болуы сіздерге, яғни сіздердің еңбекқорлықтарыңыз бен бірліктеріңізге байланысты. Сондықтан да,  әрқашан  бірлігіміз  бекем, ынтымағымыз ырысты болсын! Ауданымыздың мақтанышы болатындай Екпінді ауылы гүлденіп, игі істеріміз одан әрі жалғаса берсін», – деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.

Екпінді ауылының тұрғындары көптен бері күткен қуанышты жаналыққа қуаныштарын жасырмай, аудан басшысына алғыстарын білдірді. Қуанышты сәтте аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бимурат Боранбаев жиналған қауымға өз батасын берді.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 


ПІКІР ЖАЗУ