Бірде бар, бірде жоқ…

0
462

Жылыту  маусымы  басталғалы  Талдықорған қаласындағы жылу  құбырлары  үш мәрте  жарылды. Жуырда ғана қаланың орталық бөлігі,  «Самал»,  «Мүшелтой», «Ғарышкер»  және  «Жастар»  шағын аудандарында болған апат салдарынан жылусыз қалған тұрғындар редакциямызға хабарласып, шағымдарын айтты.

«Жылу бірде бар, бірде жоқ. Бір аптада екі рет өшті. Соның кесірінен балаларымыз да ауырып жатыр. Үйде сырт киіммен жүруге мәжбүр болып отырмыз». 

Осыған орай біз Талдықорған жылусервисі кәсіпорынына хабарласып, істің мән-жайын анықтап көрдік. Бұған қатысты «Талдықорған жылусервисі кәсіпорны» МҚК директоры Манархан Ахимбеков былай дейді.

– «Талдықорған жылусервис» КМК-ы (әрі қарай — Кәсіпорын) Желтоқсан-Медеу көшелерінің қиылысындағы жылу трассасында ағымдағы жылдың 06 ақпанында  сағат 06.00-де диаметрі 700 мм магистральдық құбырда апатты жағдай орын алғанын хабарлайды.

Жедел тәртіпте Кәсіпорынның жөндеу персоналы оны жою бойынша жұмыстарды бастап, 20-дан астам қызметкер мен 10 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Апаттың себебі  –  жылу трассасының науалары арқылы судың жиналуына байланысты құбырдың төменгі коррозиясы. Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін гидравликалық сынақ (опрессовка) жүргізілетін болады, оның нәтижесі бойынша күрделі жөндеу жүргізу туралы  шешім  қабылданатын  болады.

Қазіргі уақытта қаланың барлық қазандығы  мен жылу желілері жергілікті атқарушы органмен келісілген температуралық кестеге сәйкес штаттық режимде жұмыс атқаруда. Барлық  тұрғын  үйлерге  жылу  берілді.


ПІКІР ЖАЗУ