Халық мүддесіне қызмет

0
466

Қуат Қуанышұлы КҮНБОЛАТОВ, өзін-өзі жұмыспен қамтыған: – Әр сайлауда  депутаттыққа үміткерлер сайлаушыларға уәде етпеген дүние қалмаған болар?! 30 жыл бойы жиналған уәделердің барлығы демей-ақ қояйын, ең болмағанда 30%-ы іске асса, халқымыз бақуатты елде шалқып өмір сүрер еді. Бірақ, өзіміз көріп тұрғандай соңғы кездері, әсіресе қымбатшылықтың кесірінен елімізде күн сайын кедейленіп бара жатқан отбасылардың саны көбеюде. Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша кедейлік шегінен төмен өмір сүріп жатқан азаматтардың саны 1 миллионнан асып кетіпті. Бұл өте өкінішті. Неліктен бұның барлығын жазып отырмын? Себебі, баршаға әділеттілік орнайтын кезең келді! Мен бизнесім жоқ қарапайым жанмын. Халқымның жағдайын жақсы түсінемін. Сайлауалды бағдарламамда халықты мазалайтын мәселелерді шешуге бел будым. Басты ұраным: «Мақсатым – әділетті қоғам үшін күресу». Депутат болып сайлансам, жер мәселесіне мұқият көңіл аударуға, пайдаланбай жатқан жерлерді қайтарып, тұрғындардың малы жайылатындай етуге,  денсаулық сақтау мекемелерінде орын алатын жемқорлық мәселесіне көңіл аударуға күш саламын. Халқымыз медициналық сақтандыру жарнасын төлесе де толығымен ем ала алмай келеді. Ақырында ақылы емханаға баруға мәжбүр. Осы мәселені халыққа пайдалы етіп шешу  басты мақсатым. Тұтыну тауарларының қымбаттығын тоқтатудың бірден-бір жолы кәсіпкерлікті арттыру деп білемін. Яғни, кіші және орта кәсіпкерлікті дамытқысы келетін азаматтарға берілетін несиені төмен пайызды және қолжетімді ету керек. Сонда отандық өнім мөлшері көбейіп, жұмыс орындарының саны өседі. Баға да күрт төмендейді. Әділеттілік принципі ретінде, қазіргі таңда елімізге ТМД мемлекеттерінен әкелінген көліктерді арзан бағамен (200 000 теңге) бір реттік заңдастыру 01.09.2022-ге дейін келген көліктерге ғана емес, кәмелетке толған әр азаматқа тиесілі болуы керек. Себебі, халқымыз әбден тозған көлікті мінуде.Бұл айтылғандар бағдарламамның тек бір бөлігі ғана. Ең басты айтарым – ел-жұртпен тығыз қарым-қатынас орнатып, халықты толғандырған мәселелерді ұдайы көтеріп отырамын.


ПІКІР ЖАЗУ