Жұртшылықты тыңдады

0
570

«Respublica» партиясы атынан Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына бір мандатты сайлау округі бойынша кандидат Жанәбіл Ахметұлы Текелі қаласының тұрғындарымен кездесу өткізсе, партияның облыстық филиалының мүшелері «Artsport» өкілдерімен кездесіп, балалардың спортпен айналасуына қолайлы жағдай жасау сынды мәселені қозғады.

Сонымен қатар, партияның негізгі идеясы, оның алға қойған мақсат-міндеттері айтылып, жиынға қатысушыларға арнайы таратпа материалдары мен брошюралар берілді.

Сондай-ақ, облыс орталығы Талдықорған, Текелі қалаларындағы орталық базардағы сауда орталықтарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген партия белсенділері шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне және өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтарға сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын таныстырып, көпшілікті толғандырған сауалдардың жауабын бірге қарастырды.

Атап айтқанда, облыстық мәслихатқа кандидаттар Ерлан Андаспаев пен Гүлназ Мұстафа жергілікті жұртшылыққа биылғы сайлаудың ерекшелігін түсіндіріп, көпшіліктің көңілін алаңдатқан тақырыптарды талқылады.


ПІКІР ЖАЗУ