Қысқа – нұсқа

0
283

Ұлттық кеңестің отырысы өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің алғашқы отырысын өткізді. Жиында еліміздің ғылыми-техникалық саясатының алдағы басымдықтары айқындалды. Мемлекет басшысы қай заманда да дамудың басты кілті ғылым екенін атап өтті.

 

Жәрдемақы беруді ұсынды

Мәжіліс депутаты Гауһар Танашева   жалпы отырыста  әр балаға   70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды ұсынды.

Ол атаулы әлеуметтік көмекті алып тастап, жаңа әлеуметтік жәрдемақы тағайындауды сұрады. Айтуынша, бұл әлеуметтік пробламаларды шешеді.

 

Бензин мен дизель отынының шекті бағасы өсті

Қазақстанда жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін мемлекет реттейтін мұнай өнімдерінің шекті бағасы көтерілді. Бағаның қалай өзгергені туралы құжат энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

 

Оқ-дәрі сақталған жер анықталды

Жетісу облысында көп оқ-дәрі сақталған орын анықталды. Ресми ақпар жасырын орынның Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылынан 15 шақырым жерде табылғанын растайды.

 

«Нерест» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді

Жетісу облысының ПД Баспасөз қызметі хабарлауынша  15 сәуір мен 16 маусым аралығында заңсыз балық аулау және табиғат қорғау заңнамасын басқа да бұзушылықтар фактілерін анықтауға бағытталған «Нерест» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталады.

 


ПІКІР ЖАЗУ