Қысқа – нұсқа

0
330

Тыңайтқыш құнын 50 пайыз  көлемінде субсидиялайды

 ҚР Үкіметінің қаулысымен тек өндірушілер ғана экспорттай алатын тыңайтқыштардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілді. Шара осы өнімді ел аумағынан шығаруға тосқауыл қою және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында қабылданып отыр. Көктемгі егіс маусымы кезінде   тыңайтқыштармен қамтамасыз ету маңызды, бұл мақсатта Үкімет олардың құнын 50 пайыз көлемінде субсидиялайды.

  73 мың гектар жер қайтарылған

Былтырдан бері облыс аумағында пайдаланылмай жатқан 857 мың гектар жер анықталған.  Соның 128 мың 500 гектары мемлекет меншігіне қайтарылған.  Биыл 220 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп,  соған сәйкес жыл басынан бері 73 мың гектар жер қайтарылған. Бұл  туралы  Жетісу облыстық мәслихатының кезектен тыс ІІІ сессиясында облыс әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаев мәлім етті.

  10 мектеп салынады

Жетісу облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 8 700 орынға арналған заманауи талаптарға сай 10 мектеп салынады. Жоба 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асады. Бұл туралы 7-su.kz   желілік   басылымы   ҚазАқпарат  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Арбат жаңаланады

Талдықорған қаласындағы Біржан сал көшесі бойынша Назарбаев пен Қабанбай батыр көшесі арасында арбатты қайта жасау жұмысы соңғы рет 2016 жылы «Асыл Тау»   ЖШС   мердігерлік  ұйымымен  112,1 млн.  теңгеге  жүргізілген. Осыған  орай  «Redline Pro» ЖШС жобалау ұйымы Біржан сал мен Төлебаев көшесі бойынша (Біржан сал көшесі, Құрманов көшесінен Жансүгіров көшесіне дейін, Төлебаев көшесі, Қазақстан көшесінен Ескелді Би көшесіне дейін) жалпы ұзындығы 2,8 шақырым жаяу жүргіншілер аймағын жасау бойынша жобалау жүргізуде.

Сот үкімі шықты

Талдықорғанда 15 жастағы қызды жабылып ұрып, желіні шулатқан болатын. Төбелескен оқушы қыздардың бірі сот шешімімен девианттық мектепке ауыстырылды. Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

 


ПІКІР ЖАЗУ