Жас құтқарушылардың үшінші кадет сыныбы ашылды

0
338

«Бала тәрбиесі тал бесіктен басталуы тиіс». Жас өрендерді еңбекке, түрлі мамандыққа шыңдаудың бәрі тәлім-тәрбиемен жүзеге асады. Бұған дейін  Алматы облысы бөлінбей тұрғанда  құқық қорғау органдарының және құтқарушылар ізбасарларын дайындау мақсатында білім қабырғаларында арнайы кадет  сыныптары ашылған болатын.

Оған болашақта полиция және азаматтық қорғау органдарында қызмет жасағасы келетін жас өрендер таңдап алынатын. Бұл игі дәстүр биылда жағасын табуда. Азаматтық қорғау органдарының 27 жылдығы қарсаңында Жетісу облысы Панфилов ауданы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде жас құтқарушылардың үшінші кадет сыныбы ашылды.
Салтанатты іс-шараға аудан әкімі, Жетісу облысы ТЖД басшылығы мен қызметкерлері, ата-аналар мен мектеп ұжымы қатысты.
Кадет сыныбына 7 сынып оқушылары қабылданып, олар құтқарушылардың үлгісі бойынша арнайы нысанды киім үлгісімен жабдықталды. Ал кадет сыныбынан білім алған түлектер болашақта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде жедел әрі дұрыс шешім қабылдауға бейімделетін болады.
Жетісу облысы білім басқарма-сының келісімі бойынша оқу-шылардың осы санаттағы оқу бағдарламасына азаматтық қор-ғау, алғашқы әскери даярлық, осы бағыттар саласында мамандарды, оның ішінде ТЖД қызметкерлерін тарта отырып алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бағытында қосымша сабақтар мен факультативтік сабақтар ен-гізілмек. 11-сыныпты бітіргенге дейін курсанттарға кураторлық мектептің әскери басшысына жауапты болу жүктелген. Кадет сыныбына қабылданған оқушылардың үлгерім деңгейіне және жалпы тәртіпке оң әсер етеді. Жас кадеттер саптық дайындықпен оңай оқиды және оқу мен практикалық тәжірбие ұштасады, мектеп және ведомстволық іс-шараларға белсенді қатысатын болады дейді, Жетісу облыстық білім басқармасы.
Жас құтқарушылардың кадет сыныбының ашылуы салтанатты шеру мен концерттік бағдарламаға ұласты.

Айтақын МҰХАМАДИ


ПІКІР ЖАЗУ