Яндекс NIS-те

0
246

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында Яндекс бағдарламалау мектебінің ресми ашылуы өтті.

Курс тыңдаушыларын ақпараттық технологиялар саласындағы ірі компаниялардың бірінің өкілдері ресми түрде құттықтады. 20 мектеп оқушысы бір жыл бойы бағдарламалауды тегін оқитын болады. Солардың қатарында  Талдықорған қаласындағы Зияткерлік мектебінің  9-сынып оқушысы Байтас Құрмантаев та бар.

Оның сөзінше, Яндекстің Python тілінде бағдарламалау негіздері курсы оған  мол тәжірибе, білім және болашақта әзірлеуші ​​болу жолында ілгерілеушілік береді.

Қазақстан Республикасы бойынша GR Yandex компаниясының басшысы Сұлтан Бижановтың айтуынша, Яндекс білім беру бастамасы – бұл технологияның көмегімен елдегі білім беру ортасын жақсарту бағдарламасы болып келеді.

«Billing 360» сервисінің әзірлеушісі Дастан Иемберген оқушыларға бағдарламаны меңгеруге көмектеседі. Дастан Талдықорған Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2015 жылғы түлегі. Бүгін ол Яндекстің табысты IT маманы.

«Туған жерге дарынды оқушыларға тәлімгер ретінде қайта оралғаныма қуаныштымын. Мен Назарбаев Университетінде үшінші курста оқып жүргенімде Яндекс лицейінде сабақ беру тәжірибем болды. Бағдарламалау курсының биыл Талдықорғанда ашылғанына өте қуаныштымын»  – дейді ол.

Курс түлектері бағдарламалау мектебін аяқтағаннан кейін Яндекс Лицей-де онлайн форматта әрі қарай айти-саласында оқуын жалғастыра алады. Оқушыларға Go немесе Мамандану: ойындарды әзірлеу, деректерді талдау, машиналық оқыту немесе Django-да веб-әзірлеу бойынша жаңа курстарын таңдауға мүмкүншілік беріледі.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»

 

 


ПІКІР ЖАЗУ