Вирустық «А» гепатитімен ауырғандар саны артты

0
115

Жетісу облысында вирустық «А» гепатитімен ауырғандар саны артты. Сырқаттанушылық өткен жылмен салыстырғанда 7 есе өскен. 2023-2024 жылдың эпидемиялық кезеңінде вирустық «А» гепатитінің 29 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі бала саны – 6. Яғни, 20,6 пайыз.

Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Кунбасованың сөзінше, вирустық гепатиттер – вируспен шақырылатын, бауырды зақымдаумен сипатталатын және сарғаю белгісі болатын сырқат. Жұқпаның тұрғындар арасында берілу жолы мен таралуы әртүрлі. Вирустық гепатиттердің бірнеше түрі кездеседі, соның ішінде ең кең тараған түрі вирустық «А» гепатиті. Ал, вирустық гепатиттің жұқпа көзі – ауру адам болып табылады.
2023-2024 оқу жылында облыстағы 345 мектептің 8-нен ауру шықса, сырқаттанғандар саны – 9 оқушы болып отыр.
Маманның айтуынша, вирустық «А» гепатитімен сырқаттанушылық күз-қыс айларында жоғарылайды. Гепатитті төмендетудің тиімді жолы – иммундау. Бүгінде өңірде вирустық «А» гепатитіне қарсы 2 жастағы 16 991 бала және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша ошақта қарым-қатынаста болған 3375 адам иммундаумен қамтылған.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ