Тәуелсіздік күніне арналған қойылым

0
149

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Көлеңке театры Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған қойылымын ұсынды.

Зияткерлер егеменді елдің қалыптасу тарихындағы маңызды оқиғаларды көрсетті.
Көлеңкелі театр 1723 жоңғарлардың қалың әскері кенеттен қазақтарға шабуыл жасап, олардың территориясының едәуір бөлігін басып алған үлкен апат жылдарын, 1771 жылы Абылай хан үш жүздің ханы болып жарияланған жылдарды және бірінші, екінші дүниежүзілік соғыс оқиғаларын паш етті. Сонымен қатар Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» поэмаларының жарыққа шыққанын баяндайтын эпизод та назардан тыс қалмады. Адамның ғарышқа алғашқы ұшуы және 1991 жылдан бүгінгі күнге дейінгі қарқынды дамып келе жатқан тарих та көрсетілді.
Қазақ халқының қиын-қыстау жолы, ұлтаралық достық және талантты жастары бар қазіргі Қазақстан туралы елеулі оқиғалар театр төрінен орын алды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ