Мейірімділік шыршасы

0
126

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Айналайын» балалар үйінің, оңалту орталығының, нашар еститіндерге арналған мектеп-интернатының, Шымыр ауылдық мектебінің тәрбиеленушілеріне 100 жаңа жылдық тәттілерді табыс етті.

Бұл күн нағыз сиқырлы мерекеге айналды. Мектептің өзін-өзі басқару қоғамдастығының көшбасшылары балаларға арнап жаңа жылдық «Мейірімділік шыршасын» ұйымдастырды. NIS оқушылары көңілді сайыстар, эстафеталар дайындады. Әр бала тақпақ, көңілді ән айтып, би биледі. Жаңа жылдық қойылым, көңілді жарыстар, қызықты ойындар балаларға өзін ертегі әлемінің бір бөлшегі ретінде сезінуге мүмкіндік берді.

NIS волонтерлері «Бөбектер үйінің» ең кішкентай тұрғындарын да құттықтап, тәтті сыйлықтар табыстады.

«Жақсылық шыршасы» бұл жүздеген балалардың жүрегін біріктіретін мектеп дәстүріне айналған ерекше мейрам. Мерекелік көңіл-күй толқынында Зияткер оқушылар кішкентай достарымен бірге келе жатқан Жаңа 2024 жылды қарсы алды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ


ПІКІР ЖАЗУ