Туризм саласындағы кедергілер талқыланды

0
302

Туризмді дамыту – Жетісу өңіріндегі негізгі басым бағыттардың бірі.
Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдері Қытай Халық Республикасына барып, онда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында туристік нысандар бойынша симпозиумға қатысты.

Іс-шараның мақсаты Қытай-Қазақстан туризмінің келешегін талқылау болды. Өйткені, Қытай мен Қазақстан – тату көршілер. Екі мемлекет те туристік ресурстарға бай және даму үшін үлкен әлеуетке ие.
Қазақстан да өңдеу және игеру үшін бірегей экологиялық ресурстарға бай және бүгінгі таңда сауатты қаржылық салымдар кезінде табысты іске асырылуы мүмкін көптеген жобалар бар. Алайда, Қытай-Қазақстан туризмін дамыту жолында көптеген кедергі бар және осы халықаралық іс-шара аясында оларды шешу жолдарының мүмкіндіктері талқыланды.
Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим қолданылады, онда азаматтардың мемлекеттер аумағында болу мерзімі 30 күннен аспауға тиіс. Қазіргі уақытта екі ел үшін де туристік мәселе бар. Шекарадан тиісті туристік маршрут жоқ, туристердің өтуі жалпы канал арқылы жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде маршруттардың өтуін қиындатады. Туристер үшін жеке көлік түрінің қажеттілігі атап өтілді. Кедендік бақылаудан жедел өту мақсатында туристік компаниялардан тізімдерді алдын ала беру туралы ұсыныс енгізілді.
Бұл мәселемен қатар электрондық коммерция бөлігінде туындайтын қиындықтар да талқыланды. Қазіргі уақытта біздің еліміздің көптеген азаматтары онлайн тауарлар сатып алады, бірақ тауарлардың транзиті қиын, елдердің шекараларында кідіріс бар. Қауіпсіздік тексерулерінен өту, тауарды бөлу, «Қазпошта» арқылы почта-логистикалық қызметтерден өту көп уақытты алады. Жеке компаниялар тауарларды бөлек тасымалдай алмайды. Электрондық коммерцияның дамуы бизнестің дамуына мүмкіндік береді.
Іс-шараның маңыздылығын атап өткен Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының төрағасы Дәурен Оңалбаев айтылған проблемалар хаттамаларда көрініс тапқанын, табысты әріптестік, ең алдымен, оларды шешу жолдарын іздестіруде құрылатын болады деді.

Жетісу облысының кәсіпкерлер
палатасының баспасөз қызметі.


ПІКІР ЖАЗУ