АҚСУДАҒЫ КІТАП ЖӘРМЕҢКЕСІ

0
86

Ақсу аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен   екі күндік  «Аksu, book fest-2024» кітап жәрмеңкесі өтікізілді. 

Кітап жәрмеңкесінің  ашылу салтанатына    аудан әкімінің орынбасары Күләйхан Дәулетбекова,   ақсақалдар алқасының төрағасы Амантай Айтпайұлы, Матай-бөрібай қорының төрағасы Берікбол Қасымов, ақын Ербол Оразбеков қатысып, өз тілектерін білдірді.

Рухани шара барысында ақсулық жазушы Батқалбек Нұртілеудің «Арасаным ардағым» кітабының тұсауы кесілсе,  «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында  жүзге тарта  кітап  кітапхана қорына тарту етілді.

Жәрмеңкеге Алматы қаласынан «ZIYAT» баспасы, Талдықорған қаласынан «Мазмұндама», «Марфу пресс» баспасы, «Байлық кітапта», «Кітап кемелдену» кітап дүкендері: қазақ көркем, балалар, шетел әдебиеті, психология, бизнес, мотивациялық, ғылыми-танымдық және рухани тақырыптағы жалпы саны 500-ге жуық кітапты сөреге қойып, қолжетімді бағада оқырмандарға ұсынды. Рухани шараға 100-ден аса оқырман қатысты.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ