Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай

0
315

Д. Рақышев атындағы облыстық филармония залында мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 93 жылдығына орай «Армысыңдар, адамдар!» атты облыстық әншілер байқауының гала-концерті өтті.

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күнін ескерусіз қалдырмау мақсатында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Жетісу облысының халық шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен атқарылған шара көрермен көңілінен шықты.

Өнер сүйер қауым бас қосқан жиында облысымыздың әр өңірінен келген байқау қатысушылар  жүлделі орындармен қоса, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Атап айтқанда, Мейіргүл  Бексұлтан (Ескелді ауданы), Жансая Сансызбайқызы (Сарқан ауданы), Айшын Әбдіғали (Ақсу ауданы), Әмина Өмірзақова  (Ескелді ауданы), Ердәулет Тұрысбек (Кербұлақ ауданы), Мерей Құдайбергенов (Көксу ауданы),  Алмаз Әбен, Аружан Шаншекенова (Панфилов ауданы), Бақыт Алтынбағана (Текелі қаласы) арнайы жүлдемен марапатталып, 70 000 теңге көлемінде сыйақы алды. Ал жүлделі  3 орын мен 100 000 теңгелік сертификат Гүлжайна Ғибатуллаға (Кербұлақ ауданы), Ерасыл  Қабдығалиевке (Алакөл ауданы), Айнұр Букенбайға (Көксу ауданы), Айзада Смағұлға (Сарқан ауданы) табысталды. Сонымен қатар Дина Ахмет (Ақсу ауданы) пен Дамир Шаяхметов (Талдықорған қаласы) 2 орын және 150 000 теңгелік сертификатпен, дуэт «Жарас»: Санжар Бексұлтан, Мирас Құрманақын (Панфилов ауданы), Жандос Серғазинов (Қаратал ауданы) 1 орын иегері атанып, 250 мың теңгелік сертификатпен марапатталды. Байқаудың бас жүлдесіне «Қара дала» этно-рок ансамблі (Көксу ауданы) мен Бекжан Қайратұлы (Талдықорған қаласы) лайық деп табылып, 300 мың теңгелік сертификат табысталды.

Марапаттау салтанатынан кейін жезтаңдай әншілердің орындауында ақынның сөзіне жазылған әндер  шырқалды.

Гүлнұр ЕРМҰХАНҚЫЗЫ


ПІКІР ЖАЗУ