Жырдың жауһар гүлі тербелген күн

0
325

Талдықаладағы Салтанат сарайында Жетісулық ақындарға арналған «Жыр-жауһары» поэзия атты кеш өтті.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен облыстық халық шығармашылық орталығы  ұйымдастырған әдеби шараға  қатысқан жетісулық ақындар Ж.Игіман, А.Бұлғақов, Қ.Қайрамбаев, Қ.Бестібаев, А.Кәлімхан, Қ.Нүсіпхан, М.Қабыл, Е.Исақан, Н.Рәбия  өз өлеңдерін оқыса, композитор Нұржан Ахметбеков Жомарт Игіман,  Қуат Қайранбаев сынды ақындардың сөзіне жазылған әндерді орындады.

Кеш барысында жас ақын Жәнібек Емберген Жұматай Жақыпбаевқа арнаған арнау  өлеңін оқыды. Сонымен бірге  Жазушылар одағының мүшелері Әміре Әрін, Айдын Кәлімхан тағы басқа  зиялы қауым кеудесіне  төсбелгі тағылды. Қала тұрғындары мен ақын-жазушылар қатысқан рухани шара соңында Жұматай Жақыпбаевтың сөзіне жазылған Ләйлә әні шырқалды.

Зарина БЫЖЫБЕК


ПІКІР ЖАЗУ