«Zhasproject» жобасы бойынша түсіндіру жұмысы басталды

0
233

Жетісу облысында «Zhasproject» жобасы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары басталды. Бұл жоба жас ұрпақты қолдауға және дамытуға, олардың кәсіби және көшбасшылық дағдыларын арттыруға жағдай жасауға бағытталған.

Жергілікті деңгейдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобалар қарастырылуда. Шағын грантқа қатысты ақпарттық-түсіндіру науқанын өткізу туралы «Jetisý jastary» КММ директорының орынбасары Еркебұлан Ақболатов пен «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Жанат Төлемісова БАҚ өкілдерімен болған баспасөз мәслихатында айтты.
Грант алу конкурсына қатысуға өтінімдер 1-31 наурыз аралығында қабылданады. Ең жоғары сома 1 000 000 теңге. Бұған қатысуға 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастар өтінім бере алады. Сонымен қатар, грант тіркелген жұмыссыз мәртебесі бар қатысушыларға беріледі.
Еркебұлан Ақболатовтың айтуынша, биылғы жылға 28 шағын грант қаржыландырылған. Бөлінген жалпы сома 28 миллион теңге. Оның 14-і Жетісу облысына берілсе, қалған 14-і Шығыс Қазақстан облысына беріледі. Атап өтейік, аталған жобаны ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы бірлесіп жүзеге асыруда.
«19 ақпаннан бастап 24 наурызға дейін конкурстың әлеуетті қатысулары үшін ақпараттық-түсіндіру науқаны жүргізіледі. Сондай-ақ, барлық қатысушылар өмірлік маңызды дағдылар мен жұмысқа орналасу дағдыларына оқытылып, менторлардың қолдауына ие болады», – дейді Жанат Төлемісова.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ