«RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
250

Талдықорған қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Respublica» партиясы Орталық аппаратының басшысы Бақытбек Хамид облысымыздың мәдениет өкілдерімен кездесті.

Кездесуді «Respublica» партиясының Жетісу облыстық филиалының жетекшісі Ришат Асқарбекұлы ашып, жүргізді.
Шырайлы жүздесуде мәдени өмірдегі мәселелер төңірегінде сөз қозғалды. Жазушы-журналист Есболат Айдабосын кітап оқу мен шығаруға қатысты келелі ойын ортаға салды. Осы орайда «Өрімтал» атты жобаны ұсынып, еліміздегі ақындардың балаларға арналған өлең-жырларын жинақтап, басып шығару жайына ұсыныс білдірді.
Кездесу аясында «Respublica» партиясының өкілдері аталған игі бастамалардың басы-қасында бірлесіп жұмыс жасауға ниетті екендіктерін жеткізді.

Г.БАЙМҰХАН.


ПІКІР ЖАЗУ