«ЛУДОМАНИЯДАН САҚТАНЫҢЫЗ»

0
222

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамымен ойынқұмарлықтың алдын алу мақсатында Талдықорған қаласынан дін ғылымдарының маманы Қанат Мүтебаев пен аудандық ішкі саясат маманы Жұлдыз Анарбекқызы сабақ өткізді.

«Лудомандар – құмар ойынының жолына түскен адамдар. Казино мен букмекерлік компаниялар жұмысы барынша қарқынды дамыған кезден бері «лудомания» деген термин кеңінен қолдана бастады. Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізіліп отыр. Бұл құрыққа ілінгендердің саны тез өсуде. Осы мәселенің алдын алуда білікті мамандардың көмегіне жүгіне отырып, бұқараны ақпараттандыру ғана мәселенің жолын кесуге мүмкіндік береді» – деді дін ғылымдарының маманы Қанат Мүтебаев.
Кездесу сағатында әскери қызметшілер мамандарға өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ