«АНДАС» ШЕЖІРЕ КІТАБЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

0
2271

Көксу ауданының Мәдениет үйінде «Андас» шежіре кітабының тұсауы кесілді.

Іс-шараға өткенін ұмытпайтын, бабаларын ұлықтайтын, бар қазаққа жалғызым деп құшағын жайған өнер иелері мен жетісулық ақын-жазушылар қатысты.
Шарада «Анда» шежіре отауының жетекшісі Алпысбай Рахымов өзінің жылы лебізімен бөлісті.
«Андас» шежіре кітабының тұсауы кесіліп оқырманға жол тартты. Жеті атасына сөз келтірмеген замандастарымыздың белсенділігімен және біліктілігімен санасына сіңген, жүрегіне ұялаған бұл туындыны бағалайтын оқырман көп болады деген сенімдемін. Бұл кітаптың шығуына тың деректерді жинастыруға 100-ден астам азамат жұмылдырылды. Екі қарап, бір шоқып қолға түскен әр деректі анықтады. Осындай тынымсыз ізденіс төрт жылға созылды. Бұл шежіре кітабы әр әулеттің төрінен орын алып, ұрпақ тәрбиесінің арқауына жарасын», – дей келе кітаптың екі мың данамен жарыққа шыққанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, кітаптан түскен қаржының тең бөлінетінін айтты. Яғни 1 миллион теңгенің сертификаты облыстық С. Сейфуллин атындағы әмбебап катапханасына табысталса, 2 миллион теңгенің айналасындағы үш бірдей сертификаттың бірі Орақты батыр қоғамдық қорына және арнайы азаматтарға берілді.
Шараны өткізудегі мақсат – бұрынғы өткен батыр бабалар, арқалы ақындар, кемеңгер көсем, ділмәр шешен, әділ билердің есімдерін бүгінгі ұрпақтың есіне алғызып, жан дүниесін жаңартып, төл тарихымыздың толысуын көрсету, халықтың зейіні, зердесі, жадысы, ата-бабаға деген перзенттік пейілі бұзылмағанын көрсету, жас ұрпақтың өз елінің тарихын сыйлауға, тануға баулу, жер жаннаты Жетісудың ел қорғаған ерлерін, жұртты сүйсіндірген дүлдүлдерін, ұрпақ тәрбиелеген данагөйлерін, тарихи тұлғаларын қастерлеп, қадірлеп, уағыздап, дәріптеп, тарих ғалымдарының зерттеулерімен толықтырып, өлкетану үрдісін кеңейту; ұлы балалар дәуіріндегі ұлы тұлғалардың атын атап, төл тарихымызбен асыл құндылықтарымыздың көкжиегін көрсету, ерлік жолдарын еске алып көнені жаңарту, тәрбиені нығайту, жастар санасында ұлт және елжандылық намысты көрсету.
Әдеби кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Зарина БЫЖЫБЕК


ПІКІР ЖАЗУ