ҚАЙСАР ҰЛЫ ХАЛҚЫМНЫҢ

0
158

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы Алакөл аудандық орталық кітапханасымен бірге «Қайсар ұлы халқымның» атты Кеңес Одағының батыры, Армия генаралы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы» Сағадат Нұрмағанбетовтың 100 жылдық мерейтойы аясында портреттік кеш өтті.

Кеште Сағадат Нұрмағамбетовтің өмірбаяны мен еңбек жолынан ақпарат беріліп, қатысушыларға сардардың өмірі мен еңбек жолына қатысты бірнеше сұрақ қойылды.
Сонымен қатар, сарбаз Қазыбек Ерлік «Жауынгердің ұраны» атты өлеңін мәнерлеп оқыса, Санжар Сабыржан Құрманғазының «Балбырауын» күйін нақышына келтіре орындады.
Шара соңында сарбаздарға Сағадат Нұрмағамбетов туралы видео көрсетіліп, кітапхананың библиографы Айгүл Қабидоллақызы әзірлеген кітап көрмесі ұсынылды. Кітапхана ұжымы Алакөл шекара басқармасының жеке құрамына «Алты Алаштың Алакөлі» атты энциклопедияны сыйға тартты.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ