МЕКТЕП ТҮЛЕГІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
144

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ақылды бейсенбі» кәсіптік бағдар беру жобасы аясында мектеп түлегі Санжар Молдахметовпен кездесу ұйымдастырылды.

Санжар Назарбаев Университетін сәтті аяқтап, «Қаржы ғылымдарының магистрі» бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруда.
Мектепте оқып жүрген кезінен Санжар өзінің шығармашылық музыкалық қабілетімен, сонымен бірге жоғары оқу үлгерімімен көзге түсті. 17 жасында ол командасымен бірге өзінің алғашқы «KazKelem» жобасын ойлап тапты. Бұл – қалада азық-түлік жеткізуге арналған мобильді платформа. Талдықорғандағы алғашқы қызметтердің бірі болып саналады.
Санжардың айтуынша, бұл жоба үлкен табыс әкелді және көп ұзамай тағы екі «Турбо», содан кейін «Refill» жобасы дүниеге келді. Бұл өзіне-өзі қызмет көрсететін автокөлік жууға жазылу жүйелері.
NIS қабырғасында Санжар мектеп хорында, «Виа» вокалды-аспаптық ансамблінде, домбыра оркестрінде болды. Ол 8 музыкалық аспапта ойнайды, бірқатар шығармашылық байқаулардың жеңімпазы атанды.
Өз сөзінде Санжар оқу мен мектеп өмірін қалай біріктіруге болады, адам жан-жақты қалай даму керек, уақытты тиімді пайдалану сынды төңіректе әңгіме өрбітіп, оқу-шылардың қойған сауалдарына жауап берді.
Кездесу соңында ол оқушыларға ұлттық аспаптың 10 дана домбырасын тарту етті.

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ