ШЕКАРАШЫЛАР СЫНАҚ ТАПСЫРУДА

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы бақылау-тексеру сабақтарын тапсыруда.
Аталған сынақ жыл сайын ұйымдастырылады. Бақылау-тексеру сабақтарында әр әскери қызметші бірнеше сұрақтан тұратын түрлі пәндерден тестілеу өтеді. Сонымен қатар, жауынгерлік қарудан атып, спорттық нормативтер тапсырады.
Сынақ соңында әр шекара сақшысының көрсеткен нәтижесіне сәйкес, бөлек-бөлек баға қойылатын болады.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»