ҚАЙСАР ҚЫЗДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ АТАЛҒАН КӨШЕ
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күрес тарихындағы ерекше бет. Бұл оқиғада ерлік танытқан тұлғалардың бірі – батыр қыз Ләззат Асанова. Оның есімі тек тарихта ғана емес, ел жадында мәңгілікке сақталды.
Желтоқсан оқиғасы – Қазақстанның тәуелсіздікке ұмтылған алғашқы қадамдарының бірі. Бұл оқиғаға қатысқан мыңдаған жастардың арасында ерекше қайсарлығымен есте қалған Ләззат Асанова 1970 жылы 27 шілдеде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Ол музыкаға дарынды балалардың бірі болған, кейін Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен. Оның домбырада ойнайтын және ән айтуға да ерекше қабілеті болған. Тәуелсіздік тақырыбын жиі талқылағанды ұнататын Ләззат сол күні бұндай әділетсіздікті үнсіз қабылдауға болмайтының түсініп, 1986 жылы 16-17 желтоқсан күндері алаңға барар алдында достарына «Біз үшін бұл күн тарихта қалуы керек. Тек үнсіз отырмай, ұлт намысын қорғауымыз қажет» деп Алматы қаласында өткен жастардың отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне «Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!» деген ұранмен көтеріліске қатысқандардын бірі болған. Айтса айтқандай-ақ, бұл күн тарихта қалды, алайда өжет қыздың да қыршын ғұмыры үзілген қаралы күнге ұласты. Бұл шеруге қатысып, өз дауысын көтерген ержүрек жастардың саны көп болды. Ләззат Асанова алаңға шығар алдында өзінің шешімін саналы түрде қабылдап, бұл әрекетті ұлттық намыс пен еркіндік жолындағы күрес деп түсінді. Ол қатарластарына жігер беріп, батылдықтың үлгісін көрсетті. Бұл оның Желтоқсан оқиғасындағы рөлін ерекше етті.
Ләззат Асанова тарихта қалған ерекше тұлға. Ақындар оның батырлығын, қайсарлығын жырлап өлеңдер арнаған.
Батыр қыз
Рухы оның сөнеме,
Орны бөлек қазаққа.
Бізге тәлім, өнеге,
Әр ерлігі Лязаттың.
Мән беріп ден қойғанда,
Терең ойға батамын.
Он алты жасар бұл қызға,
Берген қазақ батасын.
Жүйрік тілді батыр боп,
Тәуелсіздікке бастаған.
Ұран салған деп,
Жігер беріп демеген.
Елі үшін алтын ақ гүлі,
Ерте үзілді сабақтан.
Тәуелсіздік күнін қалдырды,
Халқына сыйлап қызығын.
Алтындай қызы Лязатты,
Шығармаған мәңгі естен.
Қазаққа сіңген еңбегі,
Кетпеген әркез жүректен.
Осы секілді өлеңдер арқылы біз Ләззат Асановадай батырлардың ерлігін еске алып қана қоймай, олардың аманатын жүрегімізде сақтаймыз. Мұндай туындылар жастарға рухани күш беріп, патриоттық сезімдерін оятары анық. Ләззатқа арналған жырлар — тек бір адамның емес, бүкіл ұлттың ерлік рухын көрсететін асыл қазына. Ләззат Асановаға арналған өлеңдер — Желтоқсан оқиғасының символына айналған қайсар қыздың ерлігін, отансүйгіштігін және рухын дәріптейтін әдеби мұра. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен кейін Ләззаттың батырлығы қазақ ақындарының жүрегіне ерекше әсер етті. Оның есіміне өлең арнау арқылы ақындар жас буынның рухын көтеріп, патриотизмге шақыруды мақсат еткен.
Сұрақ: Бұл көшеде қай уақыттан бері тұрасыз? Жауап: Осы көшеде тұрып жатқаныма елу жеті жыл болды. Сұрақ: Ләззат Асанова кім екенің білесіз бе? Жауап: Жоқ, білмейді екенмін. Соғысқа қатысқан біреу шығар. Сұрақ: Бұл көшеде қай уақыттан бері тұрасыз? Жауап: Жиырма жылдан бері тұрып жатырмын. Сұрақ: Ләззат Асанова кім екенін білесіз бе? Жауап: Әрине білемін. Ол Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қыз. (Марта Владимировна) Сұрақ: Бұл көшеде қай уақыттан бері тұрасыз? Жауап: 2018 жылдан бері осы көшеде тұрамын. Сұрақ: Ләззат Асанова кім екенің білесіз бе? Жауап: Әрине білемін Желтоқсан оқиғасына қатысқан біздің батыр, ержүрек қыз. (Бектемір Сметов) Сұрақ: Бұл көшеде қай уақыттан бері тұрасыз? Жауап: Бұрынан осы көшеде тұрып жатырмын. Сұрақ: Ләззат Асанова кім екенің білесіз бе? Жауап: Оны барша қазақ таныйды деп ойлаймын, себебі ондай батыр қызымызды білмеу ұят. Әрине Ләззат Асанова туралы жақсы білемін. Ол жері үшін қорықпай жас кезінде алаңға шыққан қыз. (Берікқали Ахметов)
Ләззат Асанова – Желтоқсан оқиғасының символына айналған тұлғалардың бірі. Оның ерлігі мен қайсарлығы тәуелсіздік жолындағы күрестің жарқын үлгісі ретінде жастардың есінде мәңгі сақталады. Желтоқсан қаһармандарының бірі ретінде қазақ халқының еркіндігі мен болашағы үшін күрескен батыр қыз. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ақталды. Көтерілістен кейін Ләззат Асанова есімі алғашқы жылдары көп айтылмаған, тек тәуелсіздіктен кейін ғана кеңінен танылған. Қазіргі кезде Ләззат Асанованың есімі мәңгі есте қалдыру мақсатында оның атымен мектептер, көшелер аталды. Оның есімі мәңгі халық есінде қалды.
Қазіргі таңда оның құрметіне Қазақстанның бірнеше көшелеріне есімі берілген. Бұл оның 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасындағы ерлігі мен тәуелсіздік жолындағы құрбандығын мәңгі есте сақтау мақсатында жасалған. Мұндай көшелер, әсіресе, Алматы, Талдықорған және басқа да аймақтарда бар.
Талдықорған қаласындағы Ләззат Асанова көшесі бұрын Павлов аталған. Ал бұл кісінің есімі 1992 жылы берілген болатын. Ләззат Асанова есімі халық санасында Желтоқсан оқиғасының жас қатысушысы ретінде Қазақстаның егемендігі үшін күрескендер қатарында мәңгі есте қалған. Ләззат Асанованың ерлігі көптеген өлеңдер мен әндерге және шығармаларға арқау болған.
Көшені аралап жүргенімізде тағы бір байқағанымыз Ләззат Асанова көшесі бір жерде «Лязат» деп қате жазылған екен. Барлығы емес, бірақ бір үйдін жақтауында ілініп тұрған сол жазуды көріп біраз ашуға булығып та алдық. Мұндай қателерді түзетіп, оның есімін дұрыс жазып, құрмет көрсету – болашақ ұрпаққа үлгі болмақ.
Ләззат Асанова небәрі 16 жаста болса да, ұлттық намыс пен тәуелсіздік идеяларын қорғау үшін алаңға шықты. Оның жастығы мен батылдығы Желтоқсан көтерілісінің ерекше сипатын көрсетеді. Ол жастардың қайсарлығы мен отан сүйгіштігінің символы болды.
Ләззат Асанова көшесі тәуелсіздікке ұмтылған халықтың ерлікке толы тарихын дәріптеудің көрнекті үлгісі болып табылады. Олар жай ғана көше атауы емес, халықтың тарихи жады мен құрметінің нышаны.
Ләззат Асанова көшесі – тек атау ғана емес, халқымыздың тәуелсіздік жолындағы күресін еске салатын ерекше белгі. Ол қазақ жастарының батылдығы мен елге деген сүйіспеншілігін дәріптейді. Мұндай көшелердің болуы – ерлікті дәріптеу мен ұрпаққа өнеге көрсетудің айқын үлгісі. Ләззат Асанованың есімі халық жадында мәңгілік сақталмақ. Әттең, көше тұрғындарының таяздығы болмаса!…
Зарина МАНАРБЕКҚЫЗЫ