БАЙЛАНЫСШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІ ПЫСЫҚТАЛДЫ
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқарамсына қарасты Көксу шекара бөлімшесінде байланысшы мамандардың үш күндік жиыны өтті.
Мамандардың білімдерін шыңдауға арналған шара әдеттегідей таңертеңгілік сапқа тұрғызудан басталды. Департамент консультанты подполковник Жасұлан Досқаев әскери қызметшілердің киім нысаны мен Жарғы бойынша білімдерін тексерді. Сабаққа қажетті оқу құралдарының бар-жоқтығы тексеру де назардан тыс қалған жоқ. Сонымен қатар, жиынды барысында техникалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасауда жеке бас қауіпсіздігін сақтау жөнінде нұсқама жасалды.
Жалпы байланысшыларға арналған жиын мамандардың білімдерін көтеруге арналған бірнеше сағаттан тұрды. Олардың қатарында ҚР ҰҚК Шекара қызметіндегі байланыс жүйесінің негіздері, мемлекеттік шекараны күзетудегі байланыстың түрлері мен оларды іс жүзінде пайдалану, радиостанциялардың негізгі мүмкіндіктері мен техникалық мінездемелері және өзге де тақырыптар қамтылды. Байланысшы шекарашылар теориялық білімді практикамен ұштастырды.
Жиын соңында өткен материалдар бойынша сынақ қабылданды. Подполковник Ж.Досқаев көлемді шараның қорытындысын шығарды. Сабақ барысында көзге түскен әскери қызметшілерді атап өтті. Шекара сақшыларының білім деңгейлеріне жоғары баға берді.
«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»