ТЫЛДА ТЕР ТӨККЕНДЕРГЕ ТАҒЗЫМ

0
20

Жетісу облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды шаралар легі жалғасуда. Облыс әкімдігінің тапсырмасына сәйкес, Денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен өңірдегі тыл ардагерлерін жоспарлы медициналық тексеруден өткізу айлығы ұйымдастырылуда.

Бұл бастама Алакөл ауданында да жүзеге асты. Үшарал қаласының тұрғыны, тыл ардагері Айтжан Қадырбаевтың үйіне арнайы бару ұйымдастырылды. Аудандық аурухананың басшысы Асхат Бұтабаев пен дәрігерлер тобы ақсақалдың шаңырағына ат басын бұрды. Медицина қызметкерлері ардагердің денсаулығын жіті тексере келе, оған гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыстап, мерейтоймен құттықтады.
1934 жылы туған Айтжан Қадырбаев бүгінде 90 жастан асып, ауданымыздағы ең қарт тыл ардагерінің бірі ретінде құрметке ие. Соғыс жылдарындағы қиын кезеңдерді бастан өткерген ол өмірінің әр кезеңінде елге сіңірген еңбегімен ерекшеленеді.

Назерке НАБИКЕНОВА
Алакөл ауданы


ПІКІР ЖАЗУ