«КІТАП — МӘҢГІЛІК МҰРА» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

0
20

22-сәуір күні Талдықорған қаласының орталығы Арбат алаңында Ұлттық кітап күніне орай «Кітап – мәңгілік мұра» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қаламыздың беделді баспалары мен жеке кәсіпкерлері қатысып, қала тұрғындарына өз өнімдерін ұсынды.

2024 жылы 29 маусымда Үкімет Қаулысымен 23 сәуір — «Ұлттық кітап күні» болып бекітілді. 2 жыл қатарынан аталып жатқан бұл мереке биыл ерекше бір апта бойы аталып өтілетіні жоспарлануда. Іс-шара барысында «Жетісудың рухани қазына» атты облыс әкімінің қолдауымен жарық көрген кітаптары және мерей той иелерінің кітап көрмелері таныстырылды. Одан әрі бұл бастама «Қолтаңба ТІМЕ» және «Jetisu Book Fair» кітап жәрмеңкесіне ұласты. Осы кітап жәрмеңкесінде «Ziyat», «Атамұра», «Мазмұндама», «Marfu press» баспалары «Байлық кітапта», «Асыл қазына» дүкендері мен жеке кәсіпкерлер баспаларынан шыққан кітап өнімдері қаламыздың кітап сүйер тұрғындары мен оқырмандарына ұсынылды. Кеш соңын Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармониясы мерекелік концертпен аяқтады.

Талшын ИЕМБЕРДИЕВА


ПІКІР ЖАЗУ