ҚҰТТЫҚТАУ

0
78

Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері мерекесі қарсаңында, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы үздік жетістіктері және елімізге сіңірген еңбегі үшін Жетісу облысының үш бірдей ардақты маманы мемлекеттік наградалармен марапатталды.


Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының актері, көркемдік жетекшісі Сағындық Жұмаділ Айтмұхаметұлына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Бұл – өнерге деген шексіз махаббат пен шеберліктің айқын дәлелі.
Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның, Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің бас концертмейстері Талғат Ілиясұлы Оразаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.


Ал, Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы музейдің директоры Рысжан Әбсиметқызы Аязбаеваға «Құрмет» ордені табысталды.
Бұл марапаттар – Жетісу мәдениетінің биіктеген беделінің белгісі! Баршаңызды шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, мықты денсаулық, толағай жетістіктер тілейміз!

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ