ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

0
89

Жетісулық спортшылар Мәскеуде өткен халықаралық жарыста жеңімпаз атанды. Жетісудың аты шығып, үйлесімді жүзуден спортшыларымыз 7 алтын жеңіп алды.

Ағымдағы жылдың 05–07 маусым аралығында Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында «Русалочка» атты үйлесімді жүзуден спорт клубтары мен спорт мектептері арасындағы ашық коммерциялық фестиваль өтті.
Аталған жарысқа Мәскеу, Сочи, Алматы және Талдықорған қалаларынан келген үздік спортшылар қатысып, өзара бақ сынасты, Жетісу облысынан жарысқа 7 спортшы қатысып, біріктірілген топтық бағдарламада 1-орын иеленді.
Жеңімпаздарымыз: Муратова Айша, Жанатбек Амина, Айтбек Дария, Омарова Дильназ, Выховская Анастасия, Абай Айзере, Сейтжан Жанеркені құттықтаймыз!

«АЛАТАУ-АҚПАРАТ»


ПІКІР ЖАЗУ