АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Көксу ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Дақылдар алқабын кеңейту, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, шаруаларды арзан жанар-жағармаймен қолдау, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржылай көмек көрсету — ауыл фермерлерінің еңбек өнімділігін арттыруға серпін беріп отыр.
Көксу ауданы бойынша 2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 31382,1 га себу жоспарланған.
Барлық себілген дәнді дақылдар көлемі – 10700 га. Оның ішінде -3485 га бидай, 5345 га – арпа, 1870 га дәндік жүгері себілді..
Техникалық дақылдар — 844 га көкөніс, 140 га бақша дақылдары, 864,1 га картоп, 1822 га қант қызылшасы себілген.
Барлық майлы дақылдар көлемі – 11478,6 га, оның ішінде 11448,6 га — май бұршақ, 30 га күнбағыс себілді.
Мал азығы дақылдарының жалпы көлемі 5533,4 га. Көп жылдық шөп – 4159,4 га, 1249 га – бір жылдық шөп, 125 га – сүрлем жүгері себілді.
Қазіргі уақытта ауданымызда егіс алқаптарында күтіп-баптау жұмыстары жалғасуда.
Аудан бойынша 10750 га арам шөпке қарсы химиялық өңдеу жүргізілді, (қант қызылшасы, май бұршақ, жүгері) 5070 га минералды тыңайтқыштар берілді, Суару жұмыстары енді басталып 2220 га алқап суғарылды.
Сонымен қатар көп жылдық шөптің I-ші шабындығы аяқталды, 4159 га жиналып, 21640 тн өнім алынды.
Мемлекет тарапынан 32 шаруа қожалығы 1451 тн арзандатылған минералды тыңайтқыштар алып пайдаланды.
2025 жылға көктемгі дала жұмыстарына 73 шаруа қожалыққа 430 тн жанар – жағармайға сұраныс беріліп, қазіргі уақытта «Жетісу Мұнай» ЖШС-нен арзандатылған жанар – жағармайды 45 шаруа қожалығы 309 тн жанар – жағармай алды.
Сонымен қатар көктемгі дала жұмыстарына «Кең дала» бағдарламасы бойынша барлығы 23 өтінішке 406 152 500 теңге алынды. 4 шаруа қожалығының 31 788 000 мың теңгеге өтінімі мақұлданды. Аудан бойынша 27 шаруа қожалығы 437 940 500 мың теңге алды.
Көксу ауданында ауыл шаруашылығы егіс алқаптарының ұлғаюы, агротехникалық шаралардың уақытылы жүргізілуі, шаруаларға жасалған қолдау — мұның бәрі ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде. Алда күтіп-баптау мен өнім жинау жұмыстары тұр. Бұл бағытта тиісті шаралар жалғасып, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі мен сапасы одан әрі арта түседі деп күтілуде.
З.БЫЖЫБЕК