ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты “Қорғас” шекаралық бақылау басқармасының оқу орталығы жеке құрамының қатысуымен Панфилов ауданының мәдени-көрікті жерлерін тамашалау бағытында танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл шараның басты мақсаты – жас сарбаздардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен жергілікті жердің тарихына, мәдениетіне құрмет сезімін қалыптастыру. Іс-шара барысында әскери қызметшілер Жаркент мешіті, Шекарашылар аллеясы, сондай-ақ өңірдің тарихи-мәдени нысандарымен танысып, ұлттық құндылықтар жайында мол мағлұмат алды.
Мұндай танымдық шаралар сарбаздардың рухани дүниесін байытып, елге қызмет ету жолындағы патриоттық рухын нығайта түсері сөзсіз.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті