Адал қызметке – абыройлы қошемет

0
28

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінде әскери қызметін абыроймен атқарып, 25 жылдан астам өмірін Отан шекарасын күзетуге арнаған подполковник Серік Жұманғазинді құрметті зейнетке шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты жиынға департамент басшылығы, әріптестері мен жас әскери қызметшілер қатысты. Шара барысында Серік Оразбайұлы шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі елеулі еңбегі атап өтіліп, алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Көп жылғы тәжірибесімен бөлісіп, талай жас офицердің қалыптасуына үлес қосқан Серік Жұманғазиннің адалдығы мен қызметке деген жауапкершілігі әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталмақ.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті


ПІКІР ЖАЗУ