Спорт шыңынан – шекара шебіне
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Шолақ» шекара бөлімшесінде радиотелефоншы қатардағы жауынгер Фанур Исаев — өз ісіне жауапты, білікті шекарашылардың бірі
Фанур Даниалович әскери қызметке дейін ауыр атлетикамен кәсіби түрде айналысып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған. Атап айтқанда, 2020 жылы жастар арасында Қазақстан рекордын жаңартып, 2022 жылы ел біріншілігінде – екінші, 2023 жылы Қазақстан, Азия және әлем чемпионаттарында бірінші орынға ие болып, еліміздің атын әлемге танытқан. Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан жаттықтырушы болып еңбек етті. Қызметіне жауапты, тәжірибесі мол жас маман бола тұра, Отан алдындағы борышын өтеу үшін 2024 жылы өз еркімен ҚР ҰҚК Шекара қызметіне қабылданды.
Қазіргі таңда «Шолақ» шекара бөлімшесінде қатардағы жауынгер ретінде жауынгерлік дайындықта жоғары нәтиже көрсетіп, үздік радиотелефоншылардың қатарынан танылып жүр. Жеке құрам арасында беделді, физикалық дайындық бойынша жаттығулар ұйымдастыруда белсенділік танытып келеді.
Отбасылы. Жұбайы – Анастасия Исаева үй шаруасында. Қатардағы жауынгер Фанур Исаевтың үлгілі қызметі – өзгелерге өнеге.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті