«Үздік шекара бақылаушысы» анықталды

0
44

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінде «Үздік шекаралық бақылау маманы» атағын анықтауға арналған сайысы өтті.

Сайысқа барлығы бес әскери қызметші қатысты. Олардың төртеуі – «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасынан, біреуі – Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасынан болды. Қатысушылар шекаралық бақылау, құжат тексеру, заңсыз өткізу әрекеттерін анықтау және кәсіби дағдылар бойынша сыннан өтті.
Байқау нәтижесінде: І орын «Нұр жолы» өткізу пунктінің (жолаушылар бағыты) бақылаушысы ефрейтор З.Ашимов жеңіп алды. ІІ орын «Алтынкөл» теміржол өткізу пунктінің бақылаушысы ефрейтор Д.Аскерге бұйырды. ІІІ орын «Достық» теміржол өткізу пунктінің бақылаушысы ефрейтор Э.Мұрат иеленді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті


ПІКІР ЖАЗУ